Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  108


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Сейілде кезі келген шақтарда əлі,
Бұлбұлмен дуэтпен айт бақтарда əнді.
Адассын сені таппай, ақша бұлт боп,
Шашымның ерте түскен ақ талдары.
Саған нұр болсын қыздың əзілдері,
Саған жыр гүлмен құрдас наз үндері.
Адассын сені таппай тасты ұялап,
Уақыттың маған салған əжімдері.
Парағын судырлатып жаңалықтың,
Зулайды көз алдыңнан сан алып күн.
Бұлшықты қос білектен қайтқан күштер,
Қаңғымай басқа жақты саған бітсін.
Парағын судырлатып жаңалықтың,
Зулайды көз алдыңнан сан алып күн.
 Дүниені тағы да бір таңғалдырып,
Əн шырқау, Əміре боп саған бітсін.
Парағын судырлатып жаңалықтың,
Зулайды көз алдыңнан сан алып күн.
Даланың қасиетін арттыратын,
Дарыны Құрманғазы саған бітсін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу