Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  126


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АУЫЛ КЕШІ

Көзі – от, бауыры – жаз, басы – нұрлы,
Күн барып тау артына жасырынды.
 Мен сонда елестеттім, бір кездегі,
Қоштасып кетіп қалған ғашығымды.
Күн осы қызық-ақ қой батарында,
Ақша бұлт боялды нұр шапағына.
Электр мейман болып аралап жүр,
Ауыл-үй, жұмысшылар жатағында.
Есігін ойын-үйдің айқара ашып,
Балалар жүр ауылда айқайласып.
Көлдегі жайылымнан қонақтауға,
Келеді балапан қаз тəй-тəй басып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу