Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  138


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СЕНІҢ КӨЗІҢ

Көзіңнен сенің нұр көрем,
Күншуақтан жаралған.
Көзіңнен сенің жыр көрем,
Арманымдай жаралған.
Көзіңнен сенің үміттің
Жұлдызын көрем ойнатқан.
Көзіңнен сенің сыр ұқтым,
Өмірді маған ойлантқан.
Көзіңнен сенің шырқайтын,
Көремін көңілді əн барын.
Көзіңнен сенің ұстаймын,
Күлкіңнің балапандарын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу