Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  160


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АЙЛЫ ТҮНГІ АҚ ҚАЙЫҢ

Тартылған аспан төсімен
Доға жол бойын қуалап.
Барады ай жол жорғасымен
Шомылды нұрға ну алап.
Осынау түнді бүркеніп,
Еш жаққа мойны бұрылмай.
Ақ қайың көлге тұр төніп,
Бақытын күткен сұлудай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу