Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
115
АЛАТАУ БАУЫРЫ
Алатау бауыры көк шалғын,
Жайқалып тұрған жазира.
Көркіне бөлеп көл маңын,
Ұшады қоңыр қазы да.
Алатау бауыры ну жыныс,
Адамдар аңыз еткен көп.
Ұшар басы сұр қылыш,
Ұмтылған шыңдар көкке өрлеп.
Алатау бауыры қарағай,
Өрмелеп көкке бара жатқан.
Саумал иіс самалы-ай!
Жұпарын гүлге таратқан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter