Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  149


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

САҒЫНАМЫН МЕН СЕНІ

Əні Əсет Бейсеуовтікі
Шықса ашық аспанға
Ақша бұлттың бөлшегі.
Арман туып жас жанда,
Сағынамын мен сені.
Жаз таңында тұп-тұнық
Қонса гүлге көл демі.
Құмарлықпен құлшынып,
Сағынамын мен сені.
Көктем келсе бояу ап,
Бөлеп түрге өлкені.
 Өлең жазып, ой аулап,
Сағынамын мен сені.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу