Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
291

Төлдермен тілдесу
– Лағым-ау, лағым,
Неден шұнақ құлағың?
– Секіріп көп құладым,
Содан шұнақ құлағым.
– Қошақан-ау, қошақан,
Неден болдың шошаған?
– Қадалып көп ошаған,
Содан болдым шошаған.
– Құлыным-ау, құлыным,
Неден сұлу тұлымың?
– Сіміріп су тұнығын,
Содан сұлу тұлымым.
– Торпағым-ау, торпағым,
Неден болдың қорқағым?
– Қалбаңдаса қалпағың,
Содан қатты қорқамын.
– Ботақан-ау, ботақан,
Неден болдың момақан?
– Мен де өзіңдей балақан,
Момындықты жаратам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter