Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
159

Жаңғалақтар
Бердім де бестік тиындыр,
Тапсырып түрлі бұйымдар,
Жаңғалақтарды азарға
Жібердім жұмсап базарға:
– Бір тиынға бөрік ал,
Бір тиынға өрік ал.
Бәрінің де мөрі бар, –
Дедім, – жөндеп көріп ал.
Жаңғалақтар жолда тиынды,
Шатастырып ап күйінді:
«Қайсысына деді бөрік ал?
Қайсысына деді өрік ал?
Қайсысының қандай жөні бар?
Бәрінің бірдей мөрі бар».
Жаңғалақтар кешке жиылды,
Қайтарып барлық тиынды,
Деді олар:
– Қапа болмаңыз,
Ұмытып қалдық жолда біз.
Қайсысына дедің бөрік ал?
Қайсысына дедің өрік ал?
Қайсысының қандай жөні бар?
Бәрінің бірдей мөрі бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter