Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
281
Батырлық
Айтқан сөзге болған ба;
– Барамын да орманға,
Көремін, – деп, – елікті,
Болат бір күн желікті.
– Ондай болса, орынды,
Біліп ал, – деп, – жолыңды,
Суреті бар орманның
Бір кітапты қолға алдым.
Алғашқыда інім кеп,
Көз тастады күлімдеп.
Біліп тұрмын – қуанды,
Кенет жүзі қуарды.
– Бара алмаймын онда мен,
Адасамын жолда мен, –
Деді Болат қаймығып,
Кітаптан көз тайдырып.
Десем неден қорықты,
Қара аюды көріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter