Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
12.02.2022
236
Қайық
Көлшікте қайық жүздіріп,
Қызыққа Болат шын батты.
Күн, бірақ, қатты қыздырып,
Шалшықты лезде құрғатты.
Қайығы қалып қайраңда,
Тап-тақыр болды төңірек.
Қана алмай Болат сайранға,
Жылады сонда еңіреп.
Көзінің жасы бұршақтап,
Көрмеген бұрын сел болды.
Жаңағы жерде бір сәтте-ақ
Тағы да таяз көл болды.
Қайығы жүзіп қалтаңдап,
Қайтадан Болат шаттанды.
Көлшікті кезіп талтаңдап,
Кеудесін кере мақтанды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter