12.02.2022
  168


Автор: Абдрахман Асылбек

Шыбын

– Шыбын қыста ұшпайды,
Өлі жанға ұқсайды.
Әлде, ұйықтап жата ма? –
Дедім бір күн атама.
Атам айтты:
– Ақымақ,
Қарашы шын бақылап.
Ала жаздай ән салып,
Тәтті ас көрсе, тамсанып,
Айналақтап кетпейді,
Қысқа әзірлік етпейді.
Қыс келгенде қысылып,
Қырылады үсініп.
Бар екенін сынақтың
Есіңе алмай, ұзақ күн
Асыр салып ойнасаң,
Сабаққа ден қоймасаң,
Сен де бір күн ұғынбай,
Шырылдарсың шыбындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу