12.02.2022
  204


Автор: Абдрахман Асылбек

Шана

Тысқа шығып Дүрімбек,
Қайта кірді күлімдеп:
«Қар жауып тұр, алақай!
Сырғанаймыз бүгін», – деп.
Алды шеге, ағашын,
Балғасы мен арасын.
Өнерін сап өзінің,
Жасамақ боп шанасын.
Ағаштарын аралап,
Болғаннан соң саралап,
Әрбір жеке тетікті
Шегесімен бекітті.
Болды шана аумаған,
Шықты сүйреп ауладан.
Достарына қосылды
Асыр салып, аунаған.
Кетті төмен құлдырап,
Көз ұшында бұлдырап.
Дүрімбектің шанасы
Достарына тұрды ұнап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу