12.02.2022
  936


Автор: Логикалық сұрақтар

Шәугімде су қайнату үшін отқа қойған кезде басталған ызыңдаған дыбысты бәріміз білеміз. Бұл дыбыс бара-бара артады және су қайнай бастағанда бірден тоқтайды. Судың дайын болғандығын, яғни қайнағандығын осы дыбыстың тоқтағанынан түсінеміз. Бұл дыбыс қалай, ненің әсерінен пайда болады, айтып бере аласыз ба?


 


жауап -





Шәугімнің ішіндегі судың алдымен астыңғы бөлігі қызады. Ыстық жоғары көтерілгенде түбінде бу көпіршіктері (ауа көпіршіктері емес) пайда болады. Судан жеңіл болғаны үшін жоғары қарай көтерілген бұл көпіршіктер жоғарыдағы салқындау болған су қабаттарымен кездескен кезде сөнеді. Қаншама көпіршіктің сөнуін біз ызыңдаған дыбыс ретінде естиміз. Қайнау температурасына дейін ысытылғанда, суық қабат қалмайтыны үшін ызыңдаған дыбыс естілмейді.










Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу