Туындылар ✍️
ТҮБЕКТІҢ БҰҒЫБАЙҒА АЙТҚАНЫ
Садыр Ерші Бұғыбай батыр бір жолы Қаракерей Түбек
ақынды іздеп барады амандасып қайтуға, жүз көрісіп.
Бірі – ақын, бірі – батыр, тəтті замандас. Бұғыбай қасына
атқосшы алып, Түбекті іздеп үйінен шықты. Араға неше
қонып, Түбектің еліне келді. Ел шетіне келгенін естіген соң,
алдынан шығып, амандасып қарсы алды. Түбек пен Бұғыбай бас қосып, Қаракерейді аралап, мəжіліспен, тамашамен
өткізді. Бірнеше күн жүріп, Бұғыбай еліне қайтты. Түбек
разы қылып, ел ішінен шығарып салды. Түбекті Бұғыбай
«кел» деп шақырып кетті.
Бір жыл өткен соң Түбек шықты Бұғыбайға баруға.
Түбек Бұғыбайдың елі – Садырға келді. Келсе, Бұғыбай
қайтыс болып кетіпті. Бұны Түбек естіген жоқ еді. Естіген
соң, Құран оқып қайтуға Бұғыбайдың аулына жүрді Түбек.
Бұл ел жайлауға көшіп жатқан мезгіл еді. Бұғыбайдың
бейітін соғып, жайлауға көшіп кетіпті. Түбек Бұғыбайдың
бейітіне бір түнеп кетуге, іздеп соған келді, басына Құран
оқуға. Қасында бірнешежолдасы, артқан қосы бар, айдаған
малыбар, келіп, Бұғыбайдың басына қонды. Түнімен Түбек
бұрынғы Бұғыбаймен жүрген күні есіне түсіп, Бұғыбайды
«өлді» демей, бұрынғы тірісіндей, өлең айтты Түбек. Түн
ортасы ауғанша өлеңді айтып, шаршаған соң, демалып
жатты. Таң атқан соң тұрып, жүрмек болды. Күн де сəске
болып, көтерілді. Ел арылып кеткен құлазыған далада
жүріп келе жатқан жолаушыдан басқа ешкім жоқ. Сонда
Түбектің қасындағы жолдастары: «Түбектің қартайғаны.
Өлген аруақ не біледі?» – деп, біріне-бірі айта бастады
есіттірмей Түбекке.
Түбек қасындағы жолдастарының мұнысын біліп, домбырасын қолына алып, айтқаны мынау екен:
Түбек:
Ассалаумағалейкүм, Бұғыбайым!
Кімді алмай қояр дейсің бір Құдайым?
Тірі күнде шақырып: «Кел!» – деп едің,
Батыр-ау, жолыға алмай болды уайым.
Батыр-ау, жатырмысың мені көріп?
Басыңа түнеп жаттым сенің келіп.
Тірі болсаң, бір атты мінгізер ең,
Жіберші сол атыңды енді беріп.
Түбек бір жігітті жұмсады: «Төбеге шық», – деп.
Айтқан жігіті төбеге шығып, қайта түсті, «Тау жақтан
бір жалғыз қара келеді», – деп.
Мұны естіген Түбек: «Сол келген соң көшерміз», – деп
жауап береді жолдастарына.
Бұлар: «Не қылған қарайған?» – деп, қарап тұрғанда,
жақындап келгенде қараса, жақсы құла қасқа ат, аяғында
күміс шідер бар, семіз, жарап қалған. Ат келген соң, Түбек
жүрмекке қамданды. Атты «Батырдыңжіберген аты», – деп,
байлатып қойды.
Енді біраздан соң аттың артынан бір қарайған шыға
келеді. Оған тағы қарады. Қараса, аттың артынан бір кісі
келе жатыр. «Е!» – дегенше, келіп қалды жүгіртіп. Қараса,
Бұғыбай батырдың Бекбосын деген баласы келіп, атынан
түсіп, Түбекке сəлем берді.
Түбек: – Балам, қайдан келесің? – деп жөн сұрады.
Бекбосын: – Жақында жайлауға барып қонып едік. Мынау ат тұрмаған соң, шідерлеп қойып едім. Үш күн болды
осы аттың кеткеніне, – деді.
Түбек: – Жарайды, балам, батыр тірі күнінде маған бір
ат бермек болып еді. Сол атымды алайын деп кешеден бері
түнеп жатырмын, – деді. – Осы батырдың берген аты ғой
Түбек Байқошқарұлы
201
сен қуып келген. Аяғындағы күміс шідерді ал да, қайт, –
деді.
Сонда Бекбосын тұрып айтты Түбекке:
– Арғы беттен қалмақтан келгенде, көп жылқыдан
таңдап, батыр еркекке алып еді. Жарайды, өзіңе бұйырған
екен. Алыңыз, – депті.
Бекбосынды Түбек тамақ беріп, құрметтеп, түске шейін
ерулеп, түстен кейін көшіп, Бекбосынмен қош айтысып,
жүріп кетерде айтқаны:
Түбек:
Бұғыбайдың бергені – құла қасқа ат,
Қалсын, балам, артымда жазылған хат.
Қияметте, Бұғыбай, жолығайық,
Жолдас болсын иманың! Жат саламат!
Жылап, қош айтысып, атқа мінді Түбек ақын батырға.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter