Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  206


Автор: Құл-Керім Елемес

ДҰҒА

Уа, Раббым!
Тұтылған Күнім ашылмағаннан сақта!
Шуағы жерге шашылмағаннан сақта!
Мезгілсіз зауал жасындағаннан сақта!
Өзіңе құлың бас ұрмағаннан сақта?!
Еркекке ұрғашы ақыраңдағаннан сақта!
Ұрғашыға еркек бақыраңдағаннан сақта!
Байлыққа мас боп осыраңдағаннан сақта!
Адамға надан қоқыраңдағаннан сақта!
Әкеге бала қарсыласқаннан сақта!
Жақынын «жат» деп жар сынасқаннан сақта!
Жақсының жаман нарқын ашқаннан сақта!
Зауалға заман қарсы басқаннан сақта!
Көрші мен көрші миланасқаннан сақта!
Ел діннен азып зиналасқаннан сақта!
Адам мен надан қидаласқаннан сақта!
Арудың арын қинап ашқаннан сақта?!
Әмин,
Аллаһу Әкбар!
2003.1.1




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу