Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
223
ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫМ
Қалада түнде, көшеде баяу,
Келемін жалғыз көңілім ояу.
Құлаққа ұрған танадай әлем,
Малынған нұрға қап-қара бояу.
Сол қара бояу ішінен жарық,
Көрінді жарық жұлдызым жанып.
Көрінген сол бір жұлдызым жарық,
Жарқырап тұрды түнімді жарып.
Сол жұлдыз жарық түнімді жарып,
Келемін кешіп күнімді жарық.
Сол жарық, шіркін, кеудемнен қуды,
Имансыз, надан күнімді ғарып...
Қалада түнде, көшеде баяу,
Келемін жалғыз, келемін жаяу.
Ұйқылы түнде жұлдызбен көкте
Жалғасқан жарық көңілім ояу...
Келемін жалғыз көңілім ояу.
Құлаққа ұрған танадай әлем,
Малынған нұрға қап-қара бояу.
Сол қара бояу ішінен жарық,
Көрінді жарық жұлдызым жанып.
Көрінген сол бір жұлдызым жарық,
Жарқырап тұрды түнімді жарып.
Сол жұлдыз жарық түнімді жарып,
Келемін кешіп күнімді жарық.
Сол жарық, шіркін, кеудемнен қуды,
Имансыз, надан күнімді ғарып...
Қалада түнде, көшеде баяу,
Келемін жалғыз, келемін жаяу.
Ұйқылы түнде жұлдызбен көкте
Жалғасқан жарық көңілім ояу...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter