Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
137
![](/uploads/shorttexts/author_image/bcfbf60b4fa8677238ad1be1a5ba8912-1000x.jpg)
ЖАЛҒЫЗДАУ
Аллаһқа иман – қорегі рух киенің,
Имансыз ділге ілінуі оңай күйенің.
Рухыңды иманмен жарқырата біл, жарығым,
Сезгір сен түгіл кәміл иманы түйенің!
Аллаһқа иман ақыл көзіңді ашады,
Ақыл көз ашса арыңа шұғыла шашады.
Ар шұғылаланса рух пен тән үздік үндесіп,
Жын, шайтан жасып арбаудан аулақ қашады.
Аллаһқа иман қоламта ашқандай күлді үрлеп,
Діліңді ашады дүние қойған ділгірлеп.
Аллаһқа иманмен арғы әлем де есік ашады,
Бұ дүниеңіз де сырларын бізге білдірмек!..
Аллаһқа иманмен үміттің жегіп кемесін,
Жаратқан нұрдан рух – шаһарыңа енесің.
Рух-шаһарға еніп жалғыздай алсаң Аллаһты,
Хаққа аян, мүмкін, «Аллаһ жоқ» әсте демесің!
2002.4.3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter