Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
104
КӨШ
Көрініп шұбырғаны көш-күліктің...
Ақылға ауаны ұрып ескіліктің,
Мүлгиді Нұхтың нұрлы кемесіндей,
Жарықты белшесінен кештіріп Түн...
Жарықты белшесінен кештіріп Түн,
Кежімін кестелейді кешкіліктің...
Дүние-ай!
Дүбір келді құлағыма,
Түбінен ықылымның естіліп тым...
Көш Күнмен шағылысып жүріп өтті...
Жүрекке жүрек жалғап жыры жетті...
Түйелер сыңғыр қағып барады ұзап...
Шарпыды шапағаттың нұры бетті.
Жүрекке жүрегінің жыры жетті...
2002.3.12
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter