Өлеңдер ✍️

  11.02.2022
  134


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨЛІМГЕ АСЫҚ

1. Тәтті ойларды, тәтті ләззәтті ащы
қылатын өлімді көп ойлаңдар.
2. Өлмей тұрып өліңдер. Хадистер
Өлімге «асық»,
Өмірдің мәні өлуде,
Міндеті құлдың – Аллаһқа көңіл бөлуде.
Тұлпар – тағдырың күптеп ап күміс күймеге,
Өлімге қарай бозқыраулата желуде...
Өлімге «асық»,
Өмірдің мәні өлуде,
Міндеті құлдың – Құранға көңіл бөлуде.
Жармасқаныңмен Жалғанның жалған жалына,
Тұтқынсың түбі өзегі шындық өлімге!
Нұрлануы абзал өмірдегі әрбір қадамның,
Өлімге асығу – көңілін бұзар наданның.
Өлімге асығу – Аллаһқа асығу ағарып,
Өлімге асығу – Мекенін іздеу Адамның*...
Өлім мен өмір «ғасыр» деп қалма арасын,
Өлімге қарай жұлдыздай жүйткіп барасың.
Нәпсіңді бекіт, қасара берме қас надан,
Айырады өлім ақыры ақ, не, қарасың!
Өлімге асық,
Өмірдің мәні өлімде,
Өлімге асығу – иманның жүзу көлінде.
Шын Мекеніңді Хақ жолында өлмей таппайсың,
Хақ жолы қатаң...
Хақтана аттан өлімге!
Сөйт!
2002.2.15
*Адам – Адам ата




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу