Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
156
МІНДЕТ
Ғалам тылсым әрі астам,
Көруге оны кендесің.
Жаратқанға жарасқан,
Таң қалдыру пендесін.
Ісімді Аллаһ демеуде,
Қоя-ақ қойдым өңгесін.
Таба алмадым теңеуге,
Тағаланың теңдесін?!
Бұрып бізге Күн бетін,
Қылады Аллаһ таң жарық.
Ақыл-ойдың міндеті,
Тану Оны таңғалып!
Аллаһ ісі жанға айқын,
Менің Оның медеті.
Көрмей, білмей нанбайтын,
Көзсіздердің* әдеті.
Қан мен зәрден айырып,
Сүбхан Аллаһ сүт берді.
Тарпаңсыған, тәйірі,
Тағдырынан сұқ көрді...
Әл-Басирға бәрі анық,
Ындыныңның ыңғайы...
Ақ нұрына таранып,
Айналады Күнді Айы.
Жүргеніңмен ноянша,
Селт еткізбей сезім ер.
Көкірегің оянса,
Қораштығын сезінер...
Бұрып бізге Күн бетін,
Қылады Аллаһ таң жарық.
Адамзаттың міндеті,
Тану Оны таңғалып!
2002.1.28
* Көзсіз – хақсыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter