Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  161


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАРУ

Мұңмен бастап өлеңді,
Нұрмен аяқтап келем.
Болмағанмен көлемді,
Ақиқатын тапты өлең.
Ақиқатын тапты ақын,
Ақиқаттан ап білім.
Қабыл болып мақсатым,
Хаққым ашты,
Ақ ділім!
 Хаққым ашты – ақ ділім!
Шүкір Аллаһ, жарыдым.
Құранда екен бақ, ғылым,
Жырға құйдым жарығын.
Бұрын мұңым – нәпсі еді,
Қазір мұңым – Хақ қасы.
Ақын қандай тапшы еді,
Ашылмаса қақпасы?!
2006.11.21




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу