Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  203


Автор: Құл-Керім Елемес

ҰЯТ-АЙ

Көңілім тастай қараңғы,
Жарығын өзім өшіргем.
Көп көріп,
Көп жеп харамды,
Кешегі күнде есірген...
Ұят та болған Ұлықтан,
Кесір де болған кешірмес.
Құтылсам ерте былықтан,
Едім ғой сәулемді өшірмес.
Қайтейін, ақыл тозды да,
Анықты ол, білдім, алмайды.
Жарығым алға озды да,
Қараңғым артта қалбайды.
 Ойымды қанша жисам да,
Шашылып лезде қап барам.
Ішіме Сәуле құйсам да,
Қараңғы – қапас боп қаран...
Жарықша жарық шаша алмай,
Түтіндеп қара бықсимын.
Өзімнен-өзім аса алмай,
Тағы өзім ұп-ұлықсимын.
Ұят-ай!
2006.11.19




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу