Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.02.2022
164
АҚ ЖҰЛДЫЗ
«Құлмын» деп ем тірі жан түсінбеді,
«Құл дегенің қулығың үшін» деді...
Бақсыға еріп сорлаған «соқыр» далам,
Жарығымды көрмеді ішімдегі...
Жарығымды білмеді ішімдегі,
Жүрегімнің жарығым ішінде еді.
Жарығым – Хаққым берген ақ иманым,
Ақ иманым ақ жұлдыз пішін де еді.
Ақ иманым ақ жұлдыз пішінді еді,
Қараңғымды жарытып ішімдегі –
Шұғыла шашып тұратын тірлігіме,
Күн сәуледей кірпігім үшіндегі.
Түсінбесе түсінбей қалар ортам,
Құлмын несіп Аллаһтан алар әр таң.
Шын қадірін білетін, Иншалла, әлі-ақ,
Тербетер-ді жырымды дала дарқан!..
2004.5.1
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter