Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  134


Автор: Құл-Керім Елемес

ҒАРЫП

Дүние тас қараңғы,
Қараңғысын «жарық» деп,
Надан жаппас пәрәнжі,
Нәпсісіне қарық боп.
Тас қараңғы дүние,
«Жарық» дейді ғарыптар.
Нәсіп етпей бір Ие,
Көрінбейді ол жарықтар...
 Ол ғаламат жарықтан,
Ғалам нұрға кернейді.
Шайтан,
Жынмен шалыққан,
Ол жарықты көрмейді.
Шын құлдың ол несібі,
Екі әлемді тең өпкен.
Аллаһқа ашсын есігін,
Ол жарықтан дәметкен.
Дүние тас қараңғы,
Қараңғысын «жарық» деп,
Хақ – Жарықты қараңғы,
Көрмей өтер ғарып боп.
Өкінішті!
2004.1.14




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу