Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  134


Автор: Құл-Керім Елемес

ДАҚ

Түнеу күні тініме бір дақ түсті...
Жаным күйіп, рух шыңым пәсейді.
Жан – көзімнің жанарына ақ түсті,
Қалыбымнан қашырғанша-ақ қас ойды.
Жарығы әйбәт жақсылығым бұлданып,
Тоңған Айдай суық тәнін өптірді.
Шапағатсыз шарбатына құл қанып,
Келген сезім кереметінен бет бұрды...
Жібергендей от құшаққа қар салып,
Жағымсыздау әнге өзгеріп жақұт үн,
Ынтығысты ынтығыссыз қарсы алып,
Қорлайды екен пенде солай бақытын...
Тәрк етіп сап қолдағы алтын жүзігін,
Түк тұрмасқа түңілуін жоя алмай,
Қорлайды екен адам солай қызығын,
Қорлайды екен өзін-өзі...
Ой, Алла-ай?!
2004.1.14




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу