Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.02.2022
165
ЖАРЫҚ ІЗДЕУ
Жарық іздеп қараңғыға қадалдым,
Қараңғының тілі жоқ.
Құлағыма үні келді Ғазалдың,
Дыбысы бар, тіні жоқ...
Қараңғыға жарық әні жалған ән,
Қараңғыға қараңғылық ұнайды.
Қара ән ішіп,
Қараңғыны жалмаған,
Жарықтарым жылайды.
Жыламайды,
Жатырқайды тым тіпті,
Қараңғыға енген сайын діл көзім.
Діл көзімнен дүниеде жоқ «Күн» шықты,
Күнді кезім Құдіретке құл кезім...
Қақым осы,
Қараңғыны ұнатам,
Шыным осы «шындығыңды айт» десе.
Қараңғымен жарық боп тұр мына таң,
Мен де жарық боп қалар ма ем әйтпесе?!
2003.4.21
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter