Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  264


Автор: Құл-Керім Елемес

АЯУ

Адамды адам аямайды,
Аллаһ адамды аяйтын!
Адамды адам аяй алмау ақылдыға жай айқын.
Адамды адам аяу қайтып келмек адам қолынан,
Аяу сезімді Аллаһ бермей кім еді адам аяйтын?
Адамды адам аяу үшін онда боу шарт нұрлы иман,
Нұрлы иманмен болмысына болуы шарт нұр жиған.
Адамды адам аяу үшін әрі дінмен діндеу шарт,
Дінсізде әсте болмақ емес аяу сезім нұр құйған.
Дінсіз пенде ешкімді әсте, еш те аяй білмейді,
Аяу тұр ғой өзден басқа ешті көзге ілмейді.
Өзден басқа ешті көзге ілмегесін адам деп,
Қажет көрсе адамды ұрып,
Қажет көрсе тілдейді...
Өйтетіні ол Хақ Аллаһты танымайды Біреу деп,
Танымайды екі әлемге Ол Өзі ғана тіреу деп.
Сөйткесін де ол пақырдың үш көрімі* жабылған,
Үш көрімі жабылғанға өзден басқа біреу жоқ.
Аллаһ құлын үш көрімі жабылғаннан сақтасын!
Сөйтіп аяу сезімінен қағылғаннан сақтасын!
Діннен тыс қау – Хақ Аллаһтың назарынан тыс қалу,
Діннен тыс қап тозақ отқа жағылғаннан сақтасын!
2012.2.3
*Үш көрім – көз, құлақ, жүрек




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу