Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  105


Автор: Құл-Керім Елемес

АЛДАНУ

Надан құл өзін сондай жақсы көрмек,
Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға ермек.
Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға еріп,
Ақылы тазаны емес, ласты көрмек.
Ұнату өзін де ептеп дұрыс, бірақ,
Бұл жайлы білген абзал мына істі нақ:
Аллаһты,
Сосын Оның Пайғамбарын,
Ең жақсы көру құлды құрыш қымақ.
Көрген құл өзін жақсы аса алдайды,
Өзінен өзі ешқашан аса алмайды.
Сөйткесін ондай әлсіз ақымақты,
Шайтандай лағынеті қас алдайды.
Сөйткесін өзін ғана жақсы көріп,
Сенімде Аллаһқа емес, бақсыға еріп,
Дүниеден тозақтық боп өте шығар,
Тек өзін құдай санап, Хаққы көріп...
2012.1.31




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу