Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  132


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖОҚ

Хақ жолымен тәу етіп жүрмегені –
Хақ дініне адамның кірмегені.
Хақ дініне адамның кірмегені –
Хақ өмірін иманмен сүрмегені!
Хақ өмірін иманмен сүрмесе адам –
Хақтың сөзін құлаққа ілмегені.
Хақтың сөзін құлаққа ілмесе адам –
Хақтың анық Хақтығын білмегені!
Хақтың анық Хақтығын білмегені –
Мына өмірде шын өмір сүрмегені.
Мына өмірде шын өмір сүрмегені –
Өзін мәңгі тозаққа күрмегені!
Өзін мәңгі тозаққа күрмегені –
Мұнда кеудің мақсатын білмегені.
Мұнда кеудің мақсатын білмегені –
Хаққа емес шайтанға өзін құл дегені...
Имансыз сүрген өмір өмір емес!
2012.1.23




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу