Өлеңдер ✍️
ІШ КІРІ
Сана,
Ақыл жат сеніммен былғанса,
Талпынғанмен тазармайды құл қанша.
Адам еш те ағармайды сәбидей,
Рухында оның болғанымен нұр қанша.
Анығында жат сенімге сенгеннің,
Жатқа сеніп нанымынан сөнгеннің,
Рухында нұр болуы мүмкінсіз,
Нұр сенімнен
Хаққа ол қақы сенгеннің!
Сенімде адам сәл басқаға алқыса,
Хаққа жалғар «делдал» іздеп толқыса,
Іші кірлеп ірігені адамның,
Назардан қап тозақ бастар жол құша.
Басқа қылдай күнә етпей өтсең де,
Өмірде тек қайырлы еңбек етсең де,
Сеніміңе серік қосып алдың ба,
Хақ алды онда еш нәтиже жоқ сенде.
Кіміңді ішкі білдіретін нақ сенің,
Серігі жоқ Хаққа сендегі ақ сенім.
Ішің кір ме, сен таза адам емессің,
Іш кірі ол серік қосу – жат сенім!
Сондықтан шарт адам пәктеу иманды,
Пәк иман ол – сенім кірсіз иланды.
Іш кірлеуі – имансыздық деген сөз,
Ішің кір ме, онда емессің иманды!
Ішің қандай тұрад біліп Хақ сенің,
Құлды Хаққа хабибы етпек нақ сенім.
Ішкі кірсіз пәк болмыспен бұл адам,
Түбі жетпек Хаққа оранып ақ кебін...
2012.1.23
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter