Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.02.2022
169
СЕЗІНУ
Ауырдым!..
Не екенін білдім ауырдың?
Айырдым тағы дос пен қас,
Емес кім, жақын бауыр кім?
Ауырдым!..
Басымнан өтті ауыр күн.
«Ақыры қайыр» деуші еді,
Қайырлы ет соңын ауырдың!..
Хақ берген саулық қандай бақ,
Танымау Хақты дерт екен.
Жазғанды көру маңдайға,
Жазылған Хақтан серті екен.
Тұрса да күтіп қабірің,
Саулықта күледі екенсің.
Бойдағы әр мүше қадірін,
Ауырсаң біледі екенсің.
Науқассыз – қамсыз еркіңді ұқ,
Ескертем соны, әй, бекем құл.
Бірінші анық еркіндік,
Деніңнің саулығы екен,
Біл!
2011.11.18
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter