Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  106


Автор: Құл-Керім Елемес

ТАЙҒАҚ

Қасамын қайта қанша ішсе,
Қоймаған қалып қап иен.
Күпірлік қылған қанша істе,
Құлыңды кешші,
Хақ Ием?
Білмейтін,
Білгенге ұқсайтын,
Білмесім аңқыр кебімнен.
Анығы түкті де ұқпайтын,
Недеген ділгір едім мен?
Аллаһ,
Сен анық білгірсің!
Орныңды Өзің ұқтырдың.
Білмеген оны діл құрысын,
Орнымнан ұшып нық тұрдым.
Нық тұрдым,
Ендім дініңе,
Құраннан алып ілімді.
Қол создым кәусар күніңе,
Білген құл етші білімді.
Білейін сырын адамдық,
Білейін мәнін құлдықтың.
Басайын хақпен қадам нық,
Қақысында анық құлдықтың!
2011.10.17




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу