Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.02.2022
122

ТАУБА
Жанымды ауыр батпандай,
Тастады соғып мақтан қай.
Енді одан арыла алмаспын,
Хақ сөзін оқып хақтанбай.
Хақ Құранды оқып хақтанып,
Қайтадан жатпай мақтанып,
Жанымның кірін жуайын,
Нұрымен иман ақтанып.
Тауба еттім, Аллаһ, тауба еттім!
Бұрып бұл бетін нәубеттің,
Рас кеп, рас кететін,
Бірі еткін жаны сау көптің?
Әмин!
2011.10.5
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter