Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  106


Автор: Құл-Керім Елемес

ТҮСІНУ

Адам жанын адамның өз жанымен түсінбек,
Адамды адам сондықтан жоқ шынымен түсінбек.
Шын түсінік Хаққа тән, Аллаһтығы ол Аллаһтың,
Сондықтан да досқа «шын түсін» деме, салмақтым.
Түсінуге ол тырысса, түсінгені ол сені,
Түсінудің құлдағы әне сол-ақ өлшемі.
Түсінген де ол өзіне сендегімен ұқсас па,
Салыстырып көреді өзіндегі ұқсасқа.
Түсіну ол – ұқсату, «солай-ау ма» деп білу
түсінігін, немесе сенікімен дөп білу.
 Тіпті анығы түсіну – кешірісу құлды құл,
Қайта достық орнатпақ кім шындықты білді бұл!
Сондықтан өз жанымен түсінетін басқаны,
«Түсінбедің» деуі адам адамдықта асқаны!
Немесе оның осы бір дүниенің кезінде,
Түсінікке жоқтығы түсініктің өзінде.
2011.10.3




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу