Өлеңдер ✍️
САҚТАН
Шайтан малғұн – пенденің мұңайғанын,
Нәпсісінің сәт сайын тыңайғанын,
Тағдырына Тәңірдің қарсы келіп,
Дүниенің жегенін жылай қамын
ұнатады!
Шайтан – құлдың өз ойын тыңдағанын,
Дана айтқан ақылға қыңбағанын,
Дана тұрмақ Аллаһтың Құранда айтқан,
Хақ сөзіне қарсы кеп сынбағанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – пенденің керіскенін,
Бір-біріне тек пәле теріскенін,
Хақ Аллаһқа ұйытқан хақ иманнан,
Айырылып бауырдан жеріскенін
ұнатады!
Шайтан – құлдың бір-бірін кешірмеуін,
Араздықты көңілден өшірмеуін,
Хақ дінге еніп хақтанып, ізгілік пен
Мейірімді жүрекке көшірмеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – достардың кетіскенін,
Кешірместей қас ойға бекіскенін,
Көршілердің есігін тарыс жауып,
Аллаһ сүймес сараңдық етіскенін
ұнатады!
Шайтан малғұн – жұбайлар жарылғанын,
Бармақ тістеп соңынан сарылғанын,
Махаббаттай Аллаһтың сыйын білмей,
Өкініштің отына қарылғанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – ел мен ел жауласқанын,
Жақ-жақ болып жақындар дауласқанын,
Қасиетсіз заңдар мен қарша борап,
Жұрттың мәнсіз жаулауын қаулы аспанын
ұнатады!
Шайтан малғұн – жұрт дінге беттемеуін,
Хақсыздыққа қасқая бет кемеуін,
Хақсыздыққа қасқая қарсы шығып,
Хақиқатта адам боп көктемеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – хақшылдар бірікпеуін,
Хақсыздықтан жандағы үрікпеуін,
Ел тұтқасын ұстаған әкімдердің,
Хақтан қорқып тізгінін ірікпеуін
ұнатады!
Шайтан малғұн – ұяттың жоғалуын,
Құран емес, қолға жұрт доп алуын,
Иман емес, әзіл мен айтыс қуып,
Бар сияқты жоқ болып жоғалуын
ұнатады!..
Ендеше жұрт сақтансын малғұндықтан,
Шайтанға азбас шайтандай малғұнды ұққан.
Құран біліп,
Хақ біліп,
Хақ дінмен тек
жүріп хақтап, құтылсын «балғындықтан»!
Шайтандық іс – дінде жұрт таласуы,
Бақсы барып, тағдырға бал ашуы,
Құлдың қор боп шайтаннан жеңілуі ол,
Ол мазалар емес жай жан ашуы!
2011.10.3
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter