Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  117


Автор: Құл-Керім Елемес

СӨЙТ

Ән тыңдаса кенен,
Дін тыңдаса керең,
Қазақтың бұл несі?
Әзіл тыңдаса қарық болып қалатын,
Дін тыңдаса ғарып болып қалатын,
Адамдығы ма осы?
Өсек айтса шулаған,
Хақ дінді айтса улаған,
Надандық бұл неткен?
Жоқты мақтап бардай етіп өргеннен,
Турашылды тұрмастай ғып жергеннен,
Білместік бар ма өткен?
Шынды айтқанды талаған,
Жалғанды шын санаған,
Хақсыздық бұл қандай?
Қараңғыдан жарыққа шық, қазағым,
Хақ жолынан арып қашып, азағым,
Хақиқаттан танбай!
Арыңменен,
Барыңменен хақтанып,
Дініңмен бет Хаққыңа бұр сафтанып!
Сөйт!
2011.9.29




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу