Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.02.2022
102
ӘМИН
Құштарлығымды арттыр да,
Аллаһ!
Іштарлығымды арттырма,
Аллаһ!
Жәннәттің дәмі Исламда екен,
Енгізіп дәмін таттырған,
Аллаһ?!
Жамандығымды жасырған,
Аллаһ,
Жақсылығымды асырған,
Аллаһ,
Жетпейтін баққа жетікіздің Өзің,
Талпынсам қанша ғасырдан,
Аллаһ?!
Құлдықты солай еткізген,
Аллаһ!
Шындықты көзден өпкізген,
Аллаһ!
Сан шүкір, тура жолыңа салып,
Жетпеске өлсем де жеткізген,
Аллаһ!
Енді адасқаннан сақтай гөр,
Аллаһ!
Сенім нұрыңмен сафтай гөр,
Аллаһ!
Өзің Хаққымсың, Хаққымсың Өзің,
Іс, болмысыммен хақтай гөр,
Аллаһ?!
Мен ғана емес, мүмінді хақта!
Елімді, қызым, ұлымды хақта!
Жалғыз хақ жолың – Исламға салып,
Күллі адам,
Адам құлыңды хақта!
Сөйтіп, қор етер кіргенді мәңгі,
Мәңгі отжалман тозақтан сақта?!
Әмин,
Аллаһу Әкбар!!!
2011.9.21
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter