Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  178


Автор: Құл-Керім Елемес

БІЛГІ

Кімнің нақ кім екенін Хақ біледі,
Құл шексіз нанбаққа Оған хаққылы еді.
Құлға Хақ үкімі мен міндеттері,
Құранда жазуда анық нақтылы еді.
Кімнің не істегенін Хақ көреді,
Құл үшін қай іске де Хақ төре еді.
Құлға оны «қылмадым» деп бұлтару жоқ,
Тұрған соң «дәптерде амал» нақ дерегі.
Кімнің не сөйлегенін Хақ естиды,
Ойыңды Ол сыбыр тұрмақ нақ естиды.
Сондықтан құлға тура жүру фарыз,
Жоқ етіп нәпсідегі әбес күйді.
 Хақ қана хақиқаттың иесі-дүр!
Хақпенен хақиқаттың жүйесі бір.
Хақтың хақ Хақ екенін, Нақ екенін,
Түсінбей өтіп кетпе түйесі құр...
2011.9.17




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу