Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  172


Автор: Құл-Керім Елемес

ХАҚТЫ ОЙЛАУ

«Мен сондаймын құлым қандай ойласа!»
Бұл Хақ сөзі хикіметті, ойлы аса!..
Бұны бізге хақтығымен өпкізген,
Елшісі Оның хақиқатпен жеткізген.
Еш нәрсеге ұқсамайды Хақ бірақ,
Сен де ешке онда ұқсатпа Оны нақтырақ!
Тек Өзіне Ұлы болса Ол қандай,
Ұлы Ол, Ұлы, Ұлы нағыз Ол сондай!
Кейлер Күнге ұқсатты, ұста соны есте,
Күн бірақ та Ол жаратқаны емес пе?!
Өз жаратқан затына Өзін ұқсату,
Құл өзін тек тозақ отқа ұстату!..
Бұл, жайлы Өзі «биік ойла» дегені!
Басты Өзіне иіп ойла дегені!
Тек Өзін, тек сүйіп ойла дегені!
Құранды ойға құйып ойла дегені!
 Үмітті ешбір үзбей ойла дегені!
Уайымға жүзбей ойла дегені!
Өзіне ешті қоспай ойла дегені!
Тек Өз жолын қостай ойла дегені!
Мақтау,
Мадақ айтып ойла дегені!
Ақиқатқа қайтып ойла дегені!
«Кешірет» деп сеніп ойла дегені!
Сынақтарға көніп ойла дегені!
Жүрегімде тұр деп ойла дегені!
Тәңір Ол тек – Бір деп ойла дегені!
Естіп,
Білет Ол деп ойла дегені!
Ілімі Оның мол деп ойла дегені!
«Көп еске алып тек Өзі Ұлы – Егені,
Тек Өзіме құлдық жаса» дегені!..
Иә, бұл сөзді бұдан да кең түсініп,
Құл боу шарт құл Хаққынна өзін ұсынып!
Жақсы ойласаң жарылқайды Хақ сені!
Жат ойлауға қақың құлдық жоқ сенің!
2011.9.17




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу