Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  138


Автор: Құл-Керім Елемес

ХАҚ ДІНІ

Хақтың дінін қаралама,
Хақ діні,
Ардан таза әділеттің ол ақ тіні!
«Жаман» тұтса періштедей пәкгейіп,
Періштеден де алға етеді жақсыны.
Хақтың діні хақ құзырдың мекені,
Діндегінің даусыз құзырда екені.
Құзырға адам дінде ғана жетеді,
Дінде жоққа құзыр оның не теңі!..
Хақ дін құлдың арылатын аймағы,
Хақ алдында ол ап шығатын айғағы.
Құлды есейтер Хақ қалыбы дін деген,
Жоқ онда орын жамандыққа қайдағы.
 Жамылып ап Хақ дінінің шапанын,
Шатуы дерт рухани шатаның.
Жұртты бұзып,
Құдай қарғар іс қылып,
Басын кезген «әулие мен атаның»...
2011.9.8




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу