Әңгімелер ✍️
Белдеуге байланған ат
Қалмақ әскері жолындағыны жайпап, талай қазақ шаңырақтарын шайқап жатты. Аңырақай шай- қасындағы екінші жеңістен соң да құрттай құжынаған қалмақтардың беті қайтпады. Қазақ қолы қаша жүріп
ұрыс салу деген тәсілге ауысты.
Мұндай дүрбелеңге көз де үйренеді екен. Мидай араласып кеткен қалмақ пен қазақ. Жылап-сықтап, жадап-жүдеген, сіңірлері шығып ашыққан бала, әйел, кемпір, шал. Босып бара жатқан керуен. Қайда бет
алғанын өздері де білмейді. Сауыт киген сарбаз көрсе, жылап көріседі.
- Қайда жүрсіңдер, мына жаудан құтқарсаңдаршы,
- деп еңірегенде етектері жасқа толады.
Сарбаздар оларды:
- Сәл шыдаңдар. Қалмақтар қашанғы құтырар дерсің. Жерімізге табан басқанының тұмсығы бұзы- лып жатыр. Ертең біздің ауылда да той болады, – деп жұбатады.
Осындай жаугершілік күндердің бірінде Жәнібек қалың құмға бекініп, қалмақтардың жолын тосқа- уылдамақ болған. Ойда-жоқта қалың шағылдың іші- нен жұлым-жұлым ескі күрке кездесе кетті. Жақын келіп, саңылауынан сығалаған еді, бір жас келіншек қарны ашқан баласын емізе отырып, жұбатып жатыр екен.
Бұрынғыдай жайың бар ма? Мінетұғын тайың бар ма? Жылағанда дайын тұрған. Қарындағы майың бар ма? Бұрынғыдай елің бар ма?
Үй артында желің бар ма? Шұрқырасып, маңыраған, Шулап жатқан төлің бар ма? Өрелеген етің бар ма?
Көнектеген сүтің бар ма? Ертелі-кеш сауып ішер, Аруанадай құтың бар ма? –
деген зарлы үнді естігенде Жәнібектің денесі түршігіп кетті.
- Ойпыр-ау, күйеуі қайда мұның? Қалың құмның ішіне қалмақтар жақындамайтын шығар деді ме екен? Неғып айдалада жалғыз отыр? – деді күбірлеп.
Жан-жаққа сарбаздарын жіберіп, төңіректі қара- тып еді, ешкім кездеспепті. Не істеу керек? Жаудан қашып, босыған осыншама адамдардың көз-жасы тыйылатын күн бола ма? Оларға көмек берер қазақ әскері әзірге құртша құжынаған қалмақтардан шегі- нумен келеді.
Жәнібек ойланып қалды. Қамыққан қазағыңа қол ұшын бермесең, несіне батырсың?
Әдетте, батырлар өзімен бірге бірнеше мініс ат алып жүреді. Бірі болдырса, екіншісін мінеді. Ұрыс алдын- да да ат ауыстырып міну жиі кездеседі.
Ақыры Жәнібек жетектеген атының бірін үйдің белдеуіне байлайды. «Берсем жарлы болмаспын, бер- месем арлы болмаспын» деген нақылды осы жолы айтқан екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter