Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.02.2022
140
Ғаламат
Таңның күліп атқандығы ғаламат,
Қызғылт кештің батқандығы ғаламат.
Бауыры аппақ қарлығаштың аспанда
Қанаттарын қаққандығы ғаламат.
Жапырақтың күзгі өлеңі ғаламат,
Достарыңның іздегені ғаламат.
Қарсы алдыңнан кездескен бір баланың
Жолды кеспей, «Сіз...» дегені ғаламат.
Анашыңды сағынғаның ғаламат,
Әкешіңе табынғаның ғаламат.
Балдан тәтті балашыңды айналып,
Жан жарыңа бағынғаның ғаламат.
Елдің аман болғандығы ғаламат,
Көңіліңнің толғандығы ғаламат.
Бақыт құсы бар ғаламды айналып,
Басыңа кеп қонғандығы ғаламат.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter