Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.02.2022
100
* * *
Сексен қыр құлаш ұрды көл бетінде,
Сексен тау діріл қақты жер бетінде.
Жабылып жырын айтты жыршы құстар
Тыраулап қайтып келіп елге түнде.
Ақ бұлттан аппақ шарф тартып алып,
Асау жел, кең далаға аңқы барып.
Қыр жақта қырық түрге құбыларсың,
Жүрмесең төзіміңді сарқып алып.
Барады кең ашылып бұлақ көзі,
Жайқалып көзді алдаған құрақ кезі.
Арманның көру қиын ақ дидарын,
Жүргесін жалау ұстап жырақта өзі.
Ақ тұма, көкпеңбек жел, көгілдір көл,
Жанымды айдыныңа шомылдыр, кел.
Бата алмай ұясына қарайлады
Қызыл күн жанарына шоқ іркілген.
Сапсыған тау үстінде самырсын-ән,
Қалыпты азаюмен жалын-шыдам.
Лүпілдеп жүрегімен жер-ананың
Түйілген түкпірдегі жарылшы, дән!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter