Туындылар ✍️
ЕКІНШІ БАБ
Атал заһир турасында
Ағмал заһир дегеніміз пенденің көріну, әшкере істейтін шариғат бұйырған істер. Құдай- Тағаланың бұйырған заһир істерінің аты — парыз, уажиб, суннат, мустахаб, бұйырмаған һәм тыйған істерінің аты харам, макруп тахрими, макруһ танзиһи және бұйырмаған һәм тыйылмаған бар істің аты — мубах.
Парыз дегеніміз сондай бұйрық. Мұны орнына келтірудің керектігінде ешбір шек жоқ, яғни Құранда, не хадисте, не барша мұсылманның аят-хадиске тура келтіріп, ынтымақпен шығарған бұйрықтары — намаз, руза, закәт, хаж рәуішті, бұл парызды орнына келтірмеген кісіге қияметте отпен азап етілінеді. Тіпті ол парыздың парыз екеніне нанбаған кісі — кәпір болады. Уажиб дегеніміз сол, ол уажиб бұйрықтарды орнына келтірген кісіге көп сауап (сауаб) болар. Орнына келтірмеген кісіге отпен азап болар. Бірақ уажибқа нанбағанмен кәпір болмайды. Мәселен, ид(- ғид) намаздарын оқу, пітір- (фтр, фср) - садақасын беру, құрбан шалу реуіштілер. Сүниет дегеніміз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа сала аллаһу алайһи уа саллам әмірінде бір мәртебе, не екі мәртебеден артық қоймай — әдет етіп істеген істері. Мәселен, азан қамат оқу, намазды жамағатпен реуіштілер. Бұл сүннетті орнына келтірген кісі сауапта болар, қойған кісі пайғамбар шапағатынан махрум болу деген қаупі бар. Мустахаб дегеніміз пайғамбарымыз алайһи-с- саламның бірде істеп, бірде істемеген істері, мәселен, оразалар, нәфл — садақалар реуішті.Бұл мүстаһабты орнына келтіргендер сауабты болар, келтірмегендер күнаһлы болмас. Мубах дегенімізді істегенге сауаб жоқ, істемегенге күнаһ жоқ (асамақ, ішпек, ұйықтамақ реуіштілер).
Құдай-Тағаланың тыйған істерінен: харам дегеніміз шариғаттың қатты тыйған ісі. Харам деген нәрсенің харам екендігіне ешбір шек етуге орын болмас. Харамды істеген кісі отпен азапта қалар, тіпті харамды харам емес деген кісі кәпір болар, істемеген кісі зор сауабта болар. Бірақ харамды істегендер тоба насух қылумен күнәлары кешілер. Макруһ тахрими дегенімізді істемеген кісі сауабқа, істеген кісі азабқа жолығар. Бірақ бұл макруһ тахримиді адал деумен кәпір болмас. Макруһ танзиһи жаңарақ макруһ, мұны істеумен күнәлі болмас, бірақ толық мұсылмандар істемеске жүһд етерге керек, мәселен, намаз ішінде сәжде орнынан бөтен жер қарау, сүннет мустахабты қою рәуіштілер.
Енді аууал пенделерге міндетті парыз, уажиб, сүннет, мұстахабтар турасында айталық. Адам баласының Құдай-Тағалаға ететін құлшылықтарының ішінде зор міндетті парыздар бесеу: әуелі — иман болу, екінші — намаз оқу, үшінші — әр жылда рамазан айында ораза ұстау, төртінші — әлі келсе, әр жыл сайын зекет беру, бесінші — шамасы келгендер өмірінде бір рет қажыға бару. Иман турасында жоғарыда айтып өттік, соның үшін енді соңғы төрт парыз бен харам макруһ нәрселер турасын баян етелік.
Әуелі намаз турасында
Бізге парыз балиғлыққа жеткен соң, яғни бай баласы болса, еркегі 12 жасқа, әйелі 9 жасқа, жарлы балаларының еркегі 14 жасқа, әйел 12 жасқа келген соң күн сайын бес уақыт намаз оқымаққа. Намаздың уақыты: ерте намазы — таң атқаннан бастап күн шыққанша, әуелгі намазы - түс қанғи (ауа) бастаған уақыттан бастап, көлеңке әркімнің өз көлеңкесіндей екі болғанша, екінді намаз — әуелі намазының соңғы уақытынан бастап күн батқанша, ақшам
- күн батқаннан бастап, күннің қызылы басылғанша, құптан намазы — сам жамырағаннан бастап таң атқанша. Намаз оқуға даярланғанда әуелі дененің, бойдың таза болмағы керек, таза болмаған кісі ғусл құйынарға керек. Ғуслдың 100, яғни түсудің парызы — үш: әуелі аузына су алмақ, екінші, мұрнына су алмақ, үшінші, барша денесін жумақ және сүннеті үшеу: әуелі, екі қолын жумақ, екінші іш дәретін алмақ. Намаз дәретінің төрт парызы бар: бір — бет жумақ, ұзыны маңдайдағы шашынан бастап иек астына шейін, көлденеңі бір құлақ жұмсағынан екінші құлақ жұмсағына шейін, екіншісі - екі қолын жумақ шынтағына шейін, үшіншісі – бастың төрт бөлігінің бәріне масх қылмақ, төртінші — екі аяғын жумақ.
Бұл парыздардың бәрі орнына келмесе де дәрет дұрыс болмайды. Намаз дәретінің сүннеттері — әуелі, дәретті (бисмиллаһи-р-рахмани р—рахим) деп бастамақ, онан соң екі қолын жумақ, аузын мисуакпен жумақ, аузына су алмақ, мұрнына су алмақ. Сумен сақалын араластырмақ, бармақтарын араластырмақ және әр денесін жуғанда үш-үш реттен жумақ, һәм әр денесін ретпен жумақ, басының баршасына масх қылмақ және дәрет арасында бөтен жұмысқа көңіл аудармай дәрет қылмақ.
Дәреттің мұстахабтары: әр денені жуғанда оң жағынан жуа бастамақ және мойнын масх қылмақ. Дәреттің бұзылатын істері: әуелі түзге отыру, денесінің бір жерінен қан, сары су шықса, түкірікті қызартқан шамаға шейін тіс қанаса, қан қосылса яки бөтен құсықты ауыз толғанша құсса, ұйықтамақ, есі кетпек, жындану, балиғ болған кісі намаз ішінде үн шығарып күлу — осылардан дәрет бұзылады. Жаңадан алмаққа керек. Егер намаз уақытын өткізбей барып дәрет алатын жақын жерде су болмаса, һәм судың алыстығы бір миль шамасы, яки төрт мың қадамнан жақын болмаса, немесе су болғанда да біртүрлі дертті болып, денеге су тигізуден залал болғандай болса, немесе суға баратын жолында адамға ғисл мен дәрет орнына таяммум қағып намаз оқуға болады. Таяммум дегеніміз сол, бір таза жер жынысына әуелі екі қолын ұрып, жүзіне масх етеді, яғни бетін сипайды, екінші рет екі қолын сол жерге және ұрып, шынтағына шейін сипайды. Бұл таяммумду тозаңы бар таза киімге соғып таяммум етуге де болады. Және мәсіге масх ету дегеніміз дәретті, мәселен, таңертең бір алып, аяғын жуып, мәсі киген соң, сол күн ішінде келесі тәулікке шейін жаңадан аяқ жумай-ақ мәсі сыртынан масх етумен аяқ дәретін алғанға хисаб(есеп) болады. Бұл мәсіге масх ету дегеніміз қолға су алып, үш бармақ қадары мәсі сыртынан сызық ету, осылайша мәсіге еткен масхтын үйінде тұрған мұқим кісіге муддаты
- сол мәсіні киген соң дәрет бұзылған уақыттан бастап— бір тәулік, мусафирға осы қалыпша — үш тәулік. Егер мәсінің үш бармақ шамасынша жыртығы бар болса, масх оған жарамайды.
Намаз ішінде он екі парыз бар, алтауы — тысқары, алтауы ішкері. Тысқары болған алтауы: әуелі, намаз оқуға кірісерден бұрын денесін тазалау, яғни ғусл керек, орнында ғусл етігі дәрет алу; екінші, киімін һәм намаз оқитын орнын нәжістен пәк ету, үшінші, ұят жерлерді ашық қоймай, жауып оқымақ, еркек болса, тізесі мен кіндігінің арасын, әйел болса, беті мен екі қолы, екі аяғынан басқасының бәрін жабу керек. Осы ғаурат деп, яғни жасырылатын жер деп, аталған денелердің төрттен бірі жабылмаса да намаз дұрыс болмайды. Төртінші, намазды уақытымен оқымақ. Бесінші, бетін құбылаға қойып оқымақ. Алтыншы, намазға ниет ету.
Ішкері болған алты парыздың бірі — такбир тахрими, яғни аллаһу акбар деп намазға кірісу; екіншісі — қиям, яғни намаздың әрбір ракағатында бір рет аяқ үстіне тұру; үшіншісі — қира атун, яғни намаз ішінде құран сүрелерін оқу; төртінші — рукуғ, яғни басын, денесін иіп, екі қолымен тізеге сүйену; бесінші — сәжда, яғни басын жайнамаз үстіне жүзін төмен салмақ; алтыншы — ақырғы отыру, ат-тахият оқитын шамаға шейін. Бұл оның екі парыздың бірі орнына келмесе де намаз дұрыс болмайды.
Намаздың уәжибтері — он екі. Бірінші, Әлхамды дұрыстап оқымақ, екінші, бұл Әлхамдыға әуелгі екі ракағатта бір ұзын сүре немесе үш қысқа сүре қосу, үшінші, намаздың ретін орнына келтіру, яғни, әуелі қиям, екінші - рукуғ, сонан соң сажда рәуіштілерді бұрын істейтінін бұрын істеп, соң оқылатынын соң оқымақ; төртінші, төрт ракағат я үш ракағат намаздарда ортасындағы ат-тахиятқа отыру; бесінші әр отырыста ат- тихайат оқымақ; алтыншы, қира атты намаздың әуелгі екі ракағатында оқу: жетінші, үтір намазында дұға Қунут, яғни аллаһумма әнә настағинақты оқымақ. Бұл дұғаны білмегендер бөтен бір білген дұғасын оқыса да болады; сегізінші, екі ғид намаздарының такбирлері, тоғызыншы, имам болған кісінің намаз ішінде әшкере дауыстап оқитындарын дауыстап оқуы; оныншы, жасырын оқитын орындарды жасырын оқуы; он бірінші, тағдилу-л-аркан,
яғни қиямды, рукуғты, сәждені орнына келтіру, асығып бірін біріне қосып жібермейінше; он екінші, сәлем бермек. Осы уажибтерді біле, көре орнына келтірмеген кісі күнәлі болар, бірақ намазы дұрыс. Егер хатадан қалдырса, күнәлі емес. Жаңылған үшін сажде соғу керек. Сәжде соғу дегеніміз намаздың ақырғы отырысында ат-тахиятты «абдуһу уа раулуһуға» шейін ғана оқып, екі жаққа сәлем беріп, сонан соң қайта отырып ат тахиятты басынан аяғына шейін, яғни, салауаттарымен бірге оқып, екі жаққа сәлем беріп, намазды тамам ету. Бірақ алдында имам бар болса, әуелгі ретте бір жағына ғана сәлем беріп, сәжде соғылады.
Намаздың сүннеттері жиырма бес. Әуелі намазға кіріскенде екі бармақты жоғары көтеріп, екі құлағының жұмсағына шейін апармақ, екінші, оң қолын сол қолының үстіне салып, кіндік астына қоймақ; үшінші, сунна, яғни «субханды» оқымақ; төртінші «Әлхамнан» бұрын (ағузу билла мин аш-шайтани-р-ражим), бесінші, мұнан соң бисмиллаһи-р-рахман деп оқымақ, бұл үшеуін де жасырын, дауыстамай оқу тиісті; алтыншы, үш я төрт ракағатты намаздардан соңғы екі ракағатында «әлхамды» оқымақ; жетінші, «әлхамды оқып болған соң, жасырын «әмин» демек; сегізінші, рукуғ сажда араларында такбир, яғни
«аллаһу акбар» деп айтпақ, имам бұл такбирді әшкере айтады, ұйығандар жасырын айтады; тоғызыншы, рукуғ қылғанда екі тізесіне таянбақ, екі қолтығын қуыс етіп; оныншы, рукуғта арқасын тегіс түзеп тұрмақ; он бірінші, рукуғта үш рет(субхана рабби әл-азым) деп айту; он екінші, рукуғтан бас көтергенде жалғыз оқыған, яки имам болған кісі болса (самиға аллаһу лиман хамидаһу) демек, имамға ұйығандарға (раббана лака әлхамду) демек; он үшінші, бұл раббана лака әлхамдуны камил рукуғтан тұрып, тура тұрған соң айтпақ; он төртінші, сәждеге барғанда екі қолынан бұрын тізесіне шөгу; он бесінші, онан соң екі қолын жерге қою, қол аяқтарының бармақтарын құбыла тарапына жіберіп һәм сәждеден орын жетсе, екі қолтығын ашық тұтып, қарны мен жердің арасында қуыс қалдырмақ; он алтыншы, екі қолдың арасына сәжде ету, екі бас бармағын құлақ жағына қаратып жатқызып; он жетінші, сәжде қылғанда әуелі маңдайдан бұрын жерге қоймақ; он сегізінші, сәждеге үш рет (субхана раббиәлағла) деп тасбих ету; он тоғызыншы, сәждеден тұрған соң, жерге отырмай һәм қолдарыменен жер тіремей тұрмақ; жиырмасыншы, «ат-тақиятқа» отырғанда он аяқты шаншып, сол аяқты төсеп, үстіне отырмақ; жиырма бірінші, «ат-тахиятқа» отырғанда екі қолын екі санының үстіне салып, бармақтарының арасын ашық етіп отырмақ; жиырма екінші, ақырғы отырыста, «ат- тахият» сонынан пайғамбарымызға салауат оқымақ (аллаһумма сала ала Мухаммад уаь ала али Мухаммад) ахырына шейін; жиырма үшінші, бұл салауат соңында өзінің білген тілек дұғаларын оқымақ; жиырма төртінші, имам болған кісі оңға, солға сәлем бергенде оң жақ, сол жақтағы кісілерді һәм екі иініндегі әр не істеген істеріңді жазып отырушы, қарауылшы періштелерді көңілге алып сәлем бермек, жалғыз оқыған кісі тек періштелерді көңілге алар; жиырма бесінші, оңға-солға сәлем бергенде мойнының ақтығы көрінетін шамаға шейін мойынды бұрмақ. Бұл сүннеттердің қайсы біреуі табылмаса да намаз мойнынан түседі, бірақ сүннетті қалдырудан ақыретте сілте болар.
Намаздын мұстахабтары — сегіз: әуел, (хайа ала-с-салау атты) айтқан заманда намазға тұрмақ; екінші, (қад қамат исч салауатты) айтқанда намазға ниет ете бастамақ; үшінші, такбирдың аяғынд а(аллаһу акбар) деген заманда құлақ қағу үшін қолын жеңінен шығармақ; төртінші, намаз ішінде аяқ үстінде тұрған уақыттарда сажде ететін орынға қарап тұрмақ; бесінші, рукуғ уақытында екі аяғы жағына қарап тұрмақ, алтыншы, қиямда тұрғанда екі аяғының арасын төрт бармақ кадры ашып тұрмақ; жетінші, сажда уақытында мұрын жағына қарамақ; сегізінші, «ат - тахиятқа» отырғанда киімінің етегіне қарап отырмақ. Бұл мұстахабтарды орнына келтіргендерге сауап бар, орнына келтірмегендер күнәлі болмас.
Намазды бұзатын он төрт түрлі іс бар: әуелі, намаз уақытында ғузірсіз тамақ қырып қақырынбақ; екінші, түшкірген кісіге намазда тұрып (ярхамук алла) деп жауап бермек;
үшінші, имамнан басқа біреудің жаңылған жерін ішінде тұрып айтып жібермек; төртінші, біреу намаз үстінде тұрған кісіге: «Құдайдан бөтен құдай бар ма?» деп сұраса да (ла илаһа илла алла) деп те жауап қайыру дұрыс емес, бірақ өзінің намазда тұрғанын білдіру ниетпен айтса намаз бұзылмайды; бесінші, намазда ғаурат деп аталған денелердің төрттен бірі ашылып тұрса; алтыншы, намазда тұрып бір нәрсе ойына түсіп жыламақ, бірақ ұжмақтамуғты ойлап жылаудан бұзылмайды; жетінші, қолы не тілімен біреудің сәлеміне сәлем қайтармақ; сегізінші, намазды балиғ болғаннан бері қарай қалдырмай оқып келе жатқан адамның бір уақытта қалған намазы есіне түссе, ол оқып тұрған намаз бұзылады, әуелі ол еске түскен қазаны өтеп, сонан соң уақытындағы намазды өтемек керек; тоғызыншы, намазда тұрып кебіс, мәсі шешу реуішті істер; оныншы, сөйлеу; он бірінші, тамақ жеу; он екінші, тамақ ішу; он үшінші, қарқылдап күлу; он төртінші, есінен тану. Бұл істердің қайсысы да болса істелген болса, намазды қайта оқу уажиб.
Намаз ішінде істелетін істердің он түрлі макруһы бар. Әуел, «ат-тахиятқа» отырғанда төрт қырланып отыру, яғни, екі аяғын астына басып отыру; екінші, намаз ішіндегі аят, тасбихтерді бармақпен санау; үшінші, сәждеде екі білектерін жерге төсеу; төртінші, көзімен шетке қарау; бесінші, ғузрсыз көзін жұму; алтыншы, сәжде ететін жерден уақ тастар алып айналдырмақ, егер ол тастан сәжде етуге қиын болардай болса, бір рет айналдырып жіберуге болады; жетінші, шалманың шетіне ғузірсіз сәжде қылмақ; сегізінші, намазда керіліп-созылмақ; тоғызыншы, уысын аузына баспай есінемек; оныншы, киімінен немесе денесімен, я шашы, я тілімен ойнамақ, қатарда орын бола тұрып, намазды артқы жақта жалғыз оқымақ.
Бес уақыт намаз былай оқылады: намаз оқу алдында денеңізді, киіміңізді, жайнамазыңызды жоғарыда айтылған қалыпша тазалап, намаз оқитын жерге келіп немесе масжидке келіп, жүзіңізді құбылаға қойып (ағиззу билла мин аш-шайтани-р-ражим бисмил-лаһи-р-рахмани-р-рахим) деп бастап ниет айтасыз, ерте намазы болса, әуелі екі ракағат сүннет оқылады. «Ниетті Аллаға ниет қылдым ерте намазынын екі ракағат сүннетін өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына (халисан лиллаһи та ала, аллаһу акбар) деп құлақ қағасыз. Мұнан соң қолдарыңызды кіндік астына қусырынып (субханака аллаһумма уа бихамдика табарака исмука уа та ала жаддука уа ла илаһа ғейрука) деп оқисыз. Мұның соңында және (ағуазу биллаһи мин аш-шайтани-р-ражим, бисми-л-лаһир- рахмани-р-рахим) ды айтып, сурат «Әлхамды» оқып, оның артынан бір сүре қосасыз. Әлхамду мен намазда оқылатын бірнеше қысқа сүрелер мағынасымен бұл кітаптың аяқ жағында бөлек жазылды, сонан қарап көресіз. Сүрені оқып бола салысымен (аллаһу акбар) деп, рукуғқа барасыз. Рукуғта тұрғанда үштен кем емес (Субхана рабби-аль азым) деп тасбих айтұсыз. Мүнан соң (самиға аллаһу лиман хамида) деп, рукуғтан тұрып, бір рет тасбих айтқан соң, шамалы тоқтаңқырап және (аллаһу акбар) деп сәждеге барасыз. Сәждеге үш рет (субхан рабби- ал-ағла) және басты көтеріп біраз отырып,(аллаһу акбар) деп, және сәждеге барып, әлгі қалыпша үш рет тасбих айтасыз. Мұның соңында (аллаһу акбар) деп, «түрегеліп» қол қусырып, қиямға тұрып және (бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахим деп, «әлхамды» оқып, бір сүре қосып және рукуғқа сәждеге әлгі қалыпша барып болған соң, «Ат-тахиятқа» отырасыз. «Ат-тахият» дұғасы (ат-та- хияту лиллаһи уа-с-салауату уа- т-тайибату-с-саламу алайка айуһа-н-набийу уа рахмату-л-лаһи уа баракату-һу, ас-саламу алайна уа ала ибади-л-лаһи-с-салихин ашһаду анна илаһа илла - алла уа ашһаду анна Мухаммадан абдуһу уа расулуһу аллаһумма сала ала Мухаммадин кама саллайта ала Ибраһим уа ала илли Ибрахим иннака хамидун мажид, аллаһкмма барик ала Мухаммадин уа ала илли Мухаммадин кама баракта ала Ибрагим уа ала илли Ибрагим иннака хамидун мажидун).
Мұны оқыған соң екі жаққа (ас-саламу алайкум уа рахмату алла) деп сәлем бересіз. Мұның соңында қамат түсіріп, қаматтан соң» Аллаға ниет қылдым ерте намазының екі ракағат парызын өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына (Халисан лиллаһи тағала,
аллаһу акбар) деп, манағы сүннет қалпынша екі ракағат намаз оқырсыз. Бірақ өзіңіз біреуге имам болсаңыз, «Әлхамду» мен Құран сүресін әшкере дауыстап оқисыз. Егер біреуге ұйып тұрсаңыз, ішіңізден намазға ниет етіп, һәм «Субханакты» оқып, «Әлхамды» һәм сүрені оқымай, имам оқығанын тыңдап тік тұрасыз. Имам рукуғқа сәждеге барғанда рукуғка сәждеге барып, ішіңізден тасбихтарын айтып, «Ат-тахиятқа» отырғанда, «ат- тахиятты һәм хафия оқып, имам сәлем берген соң, бірге сәлем берерге керек. Әуелі намазының төрт ракағат суннатыф, төрт ракағат парызы һәм парыз артынан және екі ракағат суннатыф бар. Бұлардың һәм ниеті, қиямы, рукуғы, сәждасы, «Әлхамды» оқу, сүре қосу, «Ат-тақиятқа» отыру — барлығы жоғарыда айтылған қалыпша. Айырмасы жалғыз- ақ со төрт ракағат намаздың, әуелгі екі ракағатына «Әлһамнан» соң сүре қосылады. Соқғы екі ракағатына «Әлхамнан» басқа оқылмайды һәм алдыңғы екі ракағатты оқыған соң «Ат- тахиятқа» отырғанда (абдуһу уа расулуһуға) шейін ғана оқып, сәлем бермей түрегеліп және «бисми-л-лаһи» қайырып, «Әлхамды» оқып, рукуғқа барады. Осылайша соңғы рет екі ракағат оқылған соң, бұл соңғы отырыста «Ат-тахиятты» һәм-(аллаһума сала алланы) да тегіс оқып сәлем береді. Екінді намазында сүннет оқылмайды. Төрт ракағат парызы бар ақшам намазында үш ракағат сүннет бар құптан намазында әуел төрт ракағат парыз, мұнан соң, екі ракағат сүннәт, мұнан соң үш ракағат үтір уажиб намазы. Бұл үтір уажибтің бөтен үш ракағатты намаздан айырмасы сол, ортадағы «Ат-тахияттан» тұрғаннан соң, үшінші ракағатта «Әлһамду» артынан бір сүре қосып, сүреден соң қолдарын жіберіп, жаңадан «аллаһу акбар» деп құлақ қағады. Сонан соң қайта қол қусырып, Кунут дұғасын оқисыз. Кунут дұғасы осы (аллаһума инна настағинука уа настағфирука уа нумину бика уа натауаккалу алайка уа нусни алайка ал-хейра нашкурука уа ла накфурука уа нахлағу уа натрука ман йафжурука, алалһумма ийака нағбуду уа лака нусалли уа насжуду уа илайка насғи уа нахфиду, наржу рахматка уа нахша аззабака инна аззабака бил-куффари мулхикун) Бұл сурат Қунутты дұрыс білмеген кісі (раббана әтина фи-д-дуня хасанатан уа қина аззаба- н-нар уа ашарна аға ал-ибрар) реуішті дұғаның бірін оқыса да болады.
Ең болмаса үш рет (я, Алла, я, Алла, я, Алла) десе де болар.
Жұмға (жұма) намазы — әрбір балиғ, есі бүтін, азат һәм муким тұрған, денесі, көзі саламат кісілерге парыз. Жұма намазының уақыты — әуелі намазымен бір уақыт. Ол күні жұма оқу үшін ғусл құйыну — сүннет. Бұл намазға барған кісі киімінің жақсысын киіп, хош иістерменен иістенген дұрыс көңілінде «я, Құдайым, бұл жұмадан екінші жұмаға шейін аман сақтап, екінші жұма намазын оқуға жаза көр» деп тілекте болмақ керек. Шын ықыласыменен бұл намазды оқып, тілек тілегендердің Құдай табарак уа тағала тілегін беріп, һәм күнәларын кешірер деген. Жұма намазын оқырға келген кісі әуелі масжидке келіп кірген соң-ақ екі рақағат «тахият-л-масжид» намазынан оқиды: ниетті Аллаға ниет қылдым екі ракағат «тахтияу-л-масжид намазын өтемекке жүзімді қараттым құбыла тарапына (халисан лиллаһи тағала, аллаһу акбар). Бұл намазды оқып болған соң, төрт ракағат жұма намазының сүннәті оқылады. Мұнан соң имаммен бірге һүтба оқуға шыққан соң, жамағат намаз оқудан һәм тасбих айтудан тиылып, имамның сөзін тыңдайды. Мұның соңында имамға ұйып, жұма намазының екі ракағат парызы оқылады. Мұнан соң жұма намазының және төрт ракағат сүннеті оқылады. Мұнан соң мойында парыз болған төрт ракағат, ақырғы әуелі намазы оқылады. Ниетті Аллаға ниет қылдым осы уақыттың екі ракағат сүннетін өтемекке, жүзімді қараттым құбыла тарапына (халисан лиллаһи - тағала, аллаһу акбар).
Айт намаздары — уажиб, жылында екі рет болады ,бірі — Рамазан айының соңында, екіншісі құрбан уақытында. Бұл намаздардың уақыты — күн бір найза я екі найза бойы көтеріліп шыққаннан бастап әуелі уақытына шейін. Айт күнінде әдемі таза киім кимек, хош иістермен иістену һәм ораза айты болса, намазын оқудан бұрын ас жемек мүстахаб. Оразаның пітірін, айт намазынан бұрын бермек уажиб. Бірақ Құрбан айтында әлгі айтылған қалыпша таза киім киіп, масжидке жеткенше такбир айтып бару мүстахаб.
«Аллаһу акбар, аллаһу акбар, ла илаһа илла-алла уа аллаһу акбар, аллаһу акбар уа лиллаһи әл-хамду» деп. Бұл такбир әр айтқанда үш реттен айтылады. Және осы такбирды Құрбан күндер дінде шаһар жұртында әр бес уақыт намаздың соңында уажиб десіпті.
Ораза айтының ниеті бұл (ағузу биллаһи мин аш-шайтани-р- ружим, бисми-л-лаһи-р- рахмани-р-рахим) айтып, Аллаға ниет қылдым ғид фтр намазын өтемекке барша такбирларымен жүзім жөнелдірдім құбыла жағына, ұйыдым осы хадыр имамға(халисан лиллаһи тағала, аллаһу акбар). Мұнан соң қалыпты намазға қол қусырып «субханак» оқып, мұнан соң имаммен бірге қолдарын жібере-жібере үш рет (аллаһу акбар) деп қағу керек. Мұның соңында және қолды қусырып, имам рукуғқа сәждеге барғанда бірге барып, екінші ракағатта имам, «Әл-хамдумен» оған қосылатын сүрені оқып болған соң имаммен бірге және қолдарын жібере-жібере үш рет «аллаһу акбар» деп құлақ қағу керек. Төртінші
«аллаһу акбар» дегенде, имаммен бірге рукуғқа сәждеге барып, «тахият» оқып, намаз тамам етілінеді.
Құрбан айтының намазы да осы реуішті: «ниетті Аллаға ниет қылдым ғид құрбан намазын өтемекке...» ақырына шейін.
Жаназа намазы-парыз кифайа... Парыз кифайа дегеніміз: үй ішінен не кеп ішінен бір адам орнына келтірумен бөтендердің де мойнынан түсетін парыз. Мәселен, жаназаға шақырушы келгенде бір үйден бір кісі барумен ол үйдің ішінде бөтен жамағаттардың мойнынан да парыз түседі, не болмаса біреу бір топ кісіге жақын келіп сәлем берсе, ол топтың ішінен бір адам сәлем алумен бөтендердің де мойнынан парыз түседі, немесе араб тілін бір бөлік халықтан бір адам білуменен ол халықтың мойнынан тегіс парыз түседі. Әркімнің өз басы орнына келтірмей болмайтұғын парыздарды — фарзу айнин деп атайды. Мәселен, иман, намаз, руза реуіштілер. Жаназа дұрыс сондай өліктерге, егер ол өлік мұсылман болып һәм шариғатқа тиісті жуылып, дәрет жаназа намазын өтемекке Аллаға сана үшін пайғамбарға дарут үшін. Бұл өлікке дұға сауап үшін жөнелдім құбыла жағына (халисан лиллаһи тағала аллаһу акбар) деп құлақ қағып, қолдарын қалыпша қусырып,
«субханак» айтып, онан соң қолды қусырған күйінше имам әшкере һәм ұйығандар хафия (аллаһу акбар) деп такбир айтады. Мұнан соң аяқ үстінде тұрған қалыпша салауат оқылады. Яғни (аллаһумма сал ала...) ахырына шейін. Мұнан соң өлік балиғлыққа жеткен еркек, әйел болса да бұл дұғаны оқиды (аллаһумма ағфир лихайяна, уа майитина, уа шаһадина, уа ғайибина, уа сағирина уа кабирина, уа закарина, уа унсана, аллаһумма ман ахияйтаһу минна фа ахйаһу ала-л-ислам, уа ман тауаффайтаһу минна фа тауафһу ала-л- имани, аллаһумма ин кана мухсинан фа зид фи ихсанихи, уа ин кана муси ан фа тажауаз анһу). Мұнан соң (аллаһу акбар) деп екі жаққа сәлем береді. Егерде өлік балиғлыққа жетпеген бала болса, не болмаса, жасынан бері жынды, есалаң адам болса, әлгі дұғаның орнына бұл дұғаны оқымақ керек «аллаһумма ажғалһу лана фаратан уа ажғалһу лана ажран уа зухран уа ажғалу лана шафиған уа мушаффаған би рахматика-я-архаму-р- рахимин). Бұл жаназа дұғаларын арабша жақсы білмеген кісі олардың орнына қазақ тілінде дұға қылуға да болады: «Ей, Құдайым, рахмет ет біздің тірілерімізге, өліктерімізге, барымызға, жоғымызға, үлкенімізге, кішімізге, еркектерімізге, қатындарымызға. Ей, Құдайым, бұл өлік рахматты болса рахматын арттыр, күнәлі болса күнәсін кешір» деп. Сәбилер мен есалаң адамдардың турасындағы жаназа дұғасының қазақша мағынасы: «Ей, Құдайым, бұл өлікті біздерге басшы һәмерткуші қыл және бұл сәби себепті біздің сауабымызды артылдырып, мақтандыр және бұл сәбиді біздерге шапағатшы һәм шапағатты болмыстардан қыл. Ей, рахым қылушылардың рахым қылушысы Құдайым, өзің рахмет қыл» деген мағынада. Жаназа намазында кісі аз да болса жеткенше үш қатар тұру сүннет. Мәселен, жеті кісі болса, үш-үштен екі қатар және біреуі артында жалғыз бір қатар болып тұру дұрыс. Жаназа оқыған орын таза болмаса, яки өлік таза болмаса, яки имамның не киімі, не өзі таза болмаса, намаз дұрыс болмайды. Тауарих намаз сүннет 25 бас намаз рамазан айының әр кешінде оқылады. Әр екі ракағат намаздан соң, «Ат-тахият»
оқылып, сәлем беріледі. Осылайша екі ракағаттан төрт ракағат оқылып, сәлем берілген артынан «Тасбих» оқылады: Субхана зил-мулуки уал-малакут, субхана -и-л- ғиззати уал- ғазамат уа-л құдрати уа-л кибрия уа-л-жабарут субхана-л-малику-л-хайу әлләзи лә йамуту суббухун құддусун раббу-л-малаикати уа-р-рух, ла илаһа илла аллаһи настағфиру- аллаһа нас алука ал-жанната уа нағузу бика минан-нар. Бұл салауатты имам не шәкірттер әшкере оқып, бөтендер тыңдап отырысады. Яки әркім ішінен оқыса да дұрыс. Тауарих намазының уақыты құптан намазымен бір уақыт. Бірақ тарауихты құптан намазынан бұрын оқу дұрыс емес. Хатта біреу имам тарауих намазын оқып тұрғанның үстіне келсе де, әуелі құптанды оқымастан бұрын тарауих намазын оқымақ дұрыс болмайды. Соның үшін тарауихқа барған кісі әуелі ұйып, құптанның төрт ракағат парызын, һәм екі ракағат сүннетін оқып болып, мұның артынан тауарих оқуы керек. Тарауих соңынан әшкере имамға ұйылып, үтір намазы оқылып, намаз тамам етілінеді. Жолаушылыққа, сапарға шыққанда намазды қысқартып оқу керек. «Сапар» деп түйе жүрісімен үш күндік жолға жолаушылық етуді айтады. Қысқартып оқығандағы айырмасы сол — төрт ракағат парызды екі ракағат етіп оқу керек. Мұнан басқа намаздар қалыпша оқылады. Егер жолаушы келе жатып, біреудің шаһарына келіп, тұрғылықты елдің имамына ұйсаңыз, онда намазды ол имаммен бірге бүтін оқисыз. Егер тұрғылықты адам жолаушыны имам етіп оқыса, ол ел адамы терт ракағат парыздың екі ракағатын оқып, алдыңғы «Ат-тахиятты» (абдуһу уа расулуһуға) шейін ғана оқып отыру керек. Имам екі ракағатты оқып сәлем бергенде, ол ел кісісі сәлем берместен түрегеліп, қалған екі ракағатын өзі оқып, төрт ракағатты түгендесе керек.
Екінші, ораза турасында
Жоғарыда ағмал заһирдың екінші міндеті — ораза деп едік. Әр жыл рамазан айында отыз күн ораза тұту парыз. Рамазан деген сөз «күйдірген» деген мағынада. Яғни рамазан айында ораза ұстағандардың күнәсі күйдіріледі. Оразаны зәрурсіз ұстамағандар ақыретте зор азапта болар. Оразаның уақыты - таң қызара бастағаннан күн батқанша. Сол екі уақыттың арасында ешбір тамақ асамақ, ішпек дұрыс емес. Хатта мейір қанып, дене рахаттанатын, яғни үстіне су құйдыру, суға малынған киімге орану реуіштілер де макруһ. Оразаның шарты сол бас күнінің алдынғы түнінде ниет етерге керек: «Ей, Құдайым, ниет қылдым келешек күн Рамазан айының оразасын ұстамаққа таң атқаннан күн батқанша» деп. Түнде ниет етуге ұмытып кеткен кісі ораза ұстаған күні түске шейін ниет етсе де болады. Егер тіпті ниет етпесе, ораза дұрыс емес. Оның үшін ниет ету өзі парыз. Парызды орнына келтірмегендіктен, құлшылық дұрыс бола алмаса керек.
Оразаны ұстамасқа болады: ауру болып, дертіне оразадан залал болардай болса, әйел жүкті болғанда һәм жас бала емізген уақытында балаларына зиян келердей болса, яки жолаушыларға. Жолаушылық сапар деп түйе жүрісімен үш күндік жер, не орта есеппен
125 шақырымдай жерге жолаушылық етуді айтады. Осындай себептермен ораза ұсталмаған болса, соңғы уақыттарда күніне-күн ораза ұстаумен парыз мойнынан түседі. Бірақ соңғы уақытта да ораза ұстауға халі келмейтін қарттарға мұның орнына оразаның һәр күніне бір тамақсыз пақырға тамақ жегізіп тұрса да парыз өтелсе керек. Ұмытып ас жегеннен, ішкеннен ораза бұзылмайды. Бірақ ұмытпайынша көріне хатадан, мәселен, дәрет алып отырып, тамаққа су кетсе ораза бұзылады. Күніне-күн қайта ораза ұстау керек. Тамақты шайнау, дәмін тату-макруһ. Жалғыз-ақ жас баласы бар қатын зарур болғанда баласына тамақ шайнап берумен макруһ болмас... Және ас пісіруші адамдар тамақтың тұзын байқауға мұқтаж болса, осы себепті пісірген асын татып байқаумен де макруһ болмас деген. Егер бір адам оразаға ниет етіп, ұстап тұрып, біле, көре ұстаған күні ашып жіберсе, бір күніне де алпыс күн ораза ұстауға керек. Мұны каффарат деп атайды. Бірақ егер бір рамазан я рамазан ішінде болса да, бір күн ғана емес, әлденеше рет осылайша оразаны ұстап тұрып, ұстаған күнінде себепсіз ашып жібере берген адамдарға да әр күніне алпыс күн емес, сол ашылған күндердің бәріне бір рет алпыс күн каффарат бұйырылады. Оразаның ішінде қай уақытта да болса, һәм айт намазының алдында, әрбір ораза ұстаған-
ұстамаған адамдарға, хатта сәбиге де, бірақ хисабқа толатын малы болса, пітір есімді садақа бермек уажиб. Пітірдің бұйрықты шамасы адам басына бес қадақ бидайдың өзі, не болмаса ұны, яки он қадақ арпа немесе қара үн, я болмаса солардың бағасы берілсе де болар. Садақа пақыр мискинге беріледі. Уақытында бір түрлі себеппен пітір бермегендер соңынан да болса қазасын өтемек керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter