Әңгімелер ✍️
Түнгі жорық. Таңғалдырған істер.
Әлдекімнің төсімді сипалағанынан селк ете түс-тім.
Айқайлап жіберуге шақ қалдым.
- Әй, Бейбіт,– деді әлдекім сыбыр етіп.
- Әу.
- Тсс. Ақырын. Киінсеңші. Енді ғана ойыма уәде түсті.
–Қазір.
Жастықтан басымды көтеріп алдым. Шатыр іші көзге түртсе көргісіз. Сыртта жел гуілдейді. Сипалап жүріп киімімді таптым.
Түнгі дала. Ортай ағай шеткі шатырда. Біздің рұқсатсыз кеткенімізді сезсе, ертең сап алдында сүмірейіп тұрамыз. Бір сәт әр шатырдың тұсынан ши түбіндей қараңдаған бейнелер пайда болды да, бізге жақындай түсті. Сапар екеуміз отыра қалып санай бастадық.
- Біреу, екеу... ей,– деді сонан соң Сапар.– Мыналардың біреуі артық.
- Ол кім болды екен, ә?
- Ортай ағай шығар.
- Онда құрыдық.
Қарайғандар бізден қалар емес. Енді адымымыз- ды алшақ алдық. Олар тақымдай түсті. Біз де, олар да үнсізбіз. Неге белгі бермейді деймін ішімнен. Мұнысы несі? Есік пен төрдей жер қалғанда бар пәрменімізбен жүгіре жөнелдік. Олар қуып кеп берді. Бетіміз тау жақ, алда – мен, артта – Сапар. Өкпем өше бастады.
- Жүгіруге шамам жоқ,– деді алқынған Сапар. Мұндайда арықтықтың да пайдасы тиеді екен. Сапар өзіне риза емес. Бөшкедей домалақ. Әрі ебедейсіз. Құдды робот сияқты. '
- Екіге бөлініп жасырынайық,– деді де, ол кілт бұрылып борсаңдай жөнелді. Қуғыншылар менің соңыма түскен сияқты. Енді қайттім? Кенет оңқа-шоңқа боп ұшып түстім. Жасырынар пана іздедім. Шұңқырлау жерге жабыса қалдым. Тым-тырыс. Әлде қуғыншылар Сапардың соңына түсті ме екен? Сонау төменде лагерьдің дөңгелек отының алауы көрінеді. Аспан төрінде жымың қаққан шоқ-шоқ жұлдыздар. Сөйткенше соңына түскен қуғыншының қарасы көрінді. Мен бұға алдым.
- Әй, балалар!– дейді ол қырылдай дауыстап.
- Қайдасыңдар? Өй, қорқақтар, шығыңдар бері. Әуестің даусы. Ішімнен кіжініп жатырмын.
«Мақтаншақ». Әуес жақындай берді.
Олжасына атылған жолбарыстай дыбыссыз ба- рып аяғына жармаса кеттім. Шіркін, батырға да жан керек. Дауыстап жіберді. Мұндайда күлмегенде қайда күлерсің. Ол мені қасқыр деп қалса керек. Ұзап барып, кері оралды.
- Есеңді қайтардың,– деді ол өзіне-өзі келіп.
- Бір де бір.
- Сендер де қызықсыңдар. Атымызды атап шақырмаушы ма едіңдер. Өйткен операцияларың құрысын, сендердің.
Әлдеқайдан пайда болған Сапар бұрқылдап жүр.
Басқа біреу болса түтіп жіберуге бар.
- Айдалада өстіп дауласу үшін келдік пе?– дедім.
Сапар сөзден тыйылды.
- Тарттық бейітке.
- Әлгі бесінші адам кім, ей?
- Болат қой.
Сапар сеніңкіремей, Болатқа жақындап келіп бетіне үңілді.
- Түу, қызық болды-ау,– деді де, кері айнал- ды. Бейітке таяқ тастамдай жер қалганда тоқтап, тың тыңдадық. Бейіттің ұшар басындағы ойықтан әлсіз сәуле көрінді. Құлақ ұшынан аңызақ жел ызыңдайды. Беткейге көтеріліп келе жатырмыз. Шындығында бар- лаушы сияқтымыз. Су қараңғы түнде бейітті бақылап жатырмыз.
- Тсс,– деді Сапар.– Кіммен сөйлесіп отырсың? Ақ сәлделі бейіт ішінде екені анық. Жападан жалғыз, бұл түнде не істеп жүр? Сапар аяғының үшымен ба- сып, бейітті айналып шықты. Есігі жабық. Саңылау қалдырмай, әлденемен тұмшалап тасталыпты. Сұсты қабырғалар қарауытып тұр. Әлдеқайдан үкінің ауық- ауық қорқынышты үні шығады.
- Қайткен күнде де шырақшының қайда екенін білу керек. Мүмкін онда басқа адам бар шығар. Мен бейіттің үстіне шығып бақылаймын,– деді Әуес. Пысықтығында шек жоқ. Нағыз барлаушыға лайық. Қиядан қиыстырып жол табады. Мен оның танауы қусырылып, қарақат көздері жалт-жұлт еткенін сезіп тұрмын.
Болат пен Сапар іздеп жүріп, ұзынша сырық алып келді. Көкә екеуміз есікті тіредік.
- Ал шық,– деді Әуес Сапарға сыбырлап.
- Мықтап ұстаңдар. Кіп-кішкентай мені көтере алмайсыңдар ма? Құлатсаңдар, дүниенің бүлінгені!
- Құп болады!
Әуесті құдды маймыл дерсің. Сапардың мойнына қарғып мінді. Болат менің үстіме аяғын салды. Қойшы, әп-сәтте Әуес жарық көрінетін ойыққа жетіп үлгерді. Тым-тырыс. Жүрегім дүрсілдей соғады.
- Ақша санап жатыр,– деп сыбыр еткен Әуестің алғашқы хабары келіп жетті.
- Онысы несі?– деп күбірледі Көкә.
- Ақшасын қобдишаға салып, жерге жасырды.
Біраз уақыт үнсіздіктен соң: – Қалың кітапты оқу-
ға кірісті,– деген күбір естілді. Шіркін-ай, осы сәтте Әуестің орнында мен болсам ше, деймін ішімнен. Иық тала бастады. Әуес үнсіз. Тіпті хабар беруді де қойды. Жоғарыға көз тіксем, Әуес жансыз мүсіндей қатыпты да қалыпты. Бар назары бейіт ішінде. Біраздан соң Әуес жерге түсіп:
- Кеттік,– деді күңк етіп.– Есіктің тіреуін алыңдар.
- Жалғыз қорқамын,– деді Көкә.
- Тфу!–Сапар бейітті айнала берді. Лагерьге таяу келіп, жерге жантая кетістік.
- Бұл ақшаны қайдан алды?– деді Әуес бізге сұрақ қойып. Адам түсінбес сыр. Шешілмейтін жұмбақ.
- Көрген-білгеніңді айтсаңшы,– дедім шыдамай кетіп, ой үстінде отырған Әуеске.
Әуес біздің ортамызда отырғанын жаңа аңғарған сияқты. Сонан соң серпіле сөйлеп жөнелді. Бейіттің төбесінен төменге көз салғандағы Әуестің көргендері: ақ сәлделі басын төмен салған күйі бейіт ішіндегі жер ошақтың басында ақша санап отыр. Бейіт іші кәдімгі үй сияқты. Шәугім, кесе, табақ жетерлік. Керегеде екі-үш көрпе-жастық жиналған. Бір бұрышта жинал- малы төсек. От басында бұталған ағаш. Дәу қарақазан ошаққа иелік етіп тұр. Керегеде әлсіз жанған балауыз шам. Ақ сәлделі бір кезде қолындағы кітапты тастай беріп, көрпелердің арасынан бір қорап темекі алып, бірін тұтатады. Сосын бұрыштағы құмырадан кесеге бір нәрсе құйып ішіп, тыжырынды.
- Қызық екен,– деп мырс еттім.
- Бұл тегін адам емес,– деді Болат.
- Мүмкін құмырадағысы ғажап, қасиетті дәрі шығар.– Кім біліпті.
Біз тым-тырыс қалдық. Шынында Ортай ағай шырақшыны неге жек көреді? Тіпті, бірінші көрген адамы ғой. Бір қобди ақша... Бір қорап темекі... Ғажап дәрі... Ақ сәлделі саудагер емес пе? «Діндар адам темекі тартпайды, – деуші еді апам. Бұл адамның кім екенін біліп көр, кәне!
- Қайткенде бұл құпияның сырын ашу керек,– деді Сапар.
- Уәде.
- Әкел қолдарыңды!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter