08.02.2022
  137


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Қыркүйектің он алтыншы жұлдызы.

Менің үнім алысқа тарайды


Ертеңгісін:–Байболатұлы! Міне, киімдерің. Ауылға қайтуың керек. Шешеңді жібер, – деген әкеме укол салатын медбикенің дауысы естілді.



  • Апай, әкемнің жағдайы шынымен ауыр ма? – деймін.

  • Әй, балақан-ай, дәрігерлер ауруды жазбаса, несіне дәрігер, – деді ол басымнан сипап. Көзіме жас келді.


Әкемді ояттым. Сәл мызғып кеткен екен.



  • Мен ауылға қайттым, әке. Дәрігерлер шешеңді жібер дейді, – дедім.

  • Мұнысы дұрыс. Сені біраз демалтып алайын деген ғой, – деді әкем кереуеттен кеудесін көтеріп.

  • Ал, көріскенше қош бол, құлыным. Жанарыма жас кептеліп қалды.

  • Келші, мандайыңнан бір сүйейін. Шөлімді қандыршы, – деді әкем. Денесі от боп жанып тұр екен.

  • Ана қарындастарыңа бас-көз бол. Міне, мен де жазылып келемін. Түнде тыныш ұйықтадым. Әжеңе, шешеңе көмектес. Енді сен дәу жігіт емессің бе? – деді әкем. Басымды изедім.

  • Құп болады, әке. Менің қол жетпесім. Күбір- леген күйі теріс айналдым. Көзімнен жас парлап қоя берді. "Қош, менің алтын әкем".


Сыртқа шықсам, есік алдында Тұяқ қолын шапалақтап:


–Алақай, күн шықты, – деп ауланы басына көтере айқайлап жүр.


Тұяқты аяп кетгім. Сен де әкем сияқты "бомбаның құрбанысың" деймін. Ол мені түсінер емес.


 



  • Шыңғыс, алақай, күн шықты, – дейді күнді көрсетіп. Ұзап шыққан соң артыма қарадым. Әкем жатқан емхана иесіз қыстаудай көлбейді. Ойыма Тұяқ түсті.

  • Әке! Мен енді есейдім. Дүниенің ақ-қарасын танып қалған сияқтымын. Оны үйреткен де сенің тағдырың. Тұяқтың тірлігі. Бұл дүниеде адамды ақылынан адастырып, қанын ағартып қинайтын нәубет барын, сен де, мен де білмеппіз. Мені енді тажалмен күресуші деп ұқ. Жүрегімнен жарып шыққан осы бір мақсат – ұлы арман, менің ғана емес, бүкіл ғаламдағы бала атаулының үні. Ол әлемді дүр сілкіндіріп, ұланғайыр жер төсін ұйқысынан оятып, дабыл қағып шарықтай түседі. Осыған сен, әке! Қош!


Алдымда бұралаңы көп жол жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу