Әңгімелер ✍️
АЛТЫ САУСАҚТЫ АҚСАҚ БАЛА. ТАМЫЗДЫҢ ЖИЫРМА ЕКІСІ...
Аяғымның ақсақтығы,
саусағым алтау болғандықтан
(ауру баланың сөзі)
Ертеңгісін әлдекім есік кақты. Сыртқа шықсам, құлағы қалқиған, дөңмұрын бала тұр.
- Мен саған келдім, – деді ол ыржиып. – Та- нысып қояйық. Менің есімім Тұяқ. Кешеден бері сыртыңнан сені көріп жүрмін. Мұндағылар ылғи кішкентай екен. Ол қолын маған ұсына берді. Мен де ұсына беріп, қолымды қайта тартып алдым. Денем түршігіп кетті. Алты саусақты бала. Бір-бірімен жары- са өскен сексеуілдің шырпысындай жіп-жіңішке, бас бармағы ересен дәу.
- Қорықпа, – деді Тұяқ сәл күлімсіреп.
- Аяғымның ақсақтығы, саусағым алтау болғандықтан. Әжем солай дейді. Тұяқ “р”-дың орны- на л, ш-ның орнына “с” деп сақау сөйлейді екен.
–Танысқың келмей ме? – деді енді кектенген Тұяқ. Қапелімде беймаза күй кешкен басым оны аяп кеттім.
- Е, неге? Менің атым Шыңғыс, – дедім.
- Тоқта, тоқта сен анау-анау атақты Шыңғыс жазушының баласысың ба? – деді көзін өңменіме қадаған Тұяқ.
- Е, жоқ,– деппін сасқанымнан.
- Менің өз әкем бар.
- Онда сенің атыңды неге Шыңғыс деп қойған,
- деп түйді Тұяқ. Кәдімгідей шын пейілмен айтып тұр. Жүрегім дүрс-дүрс соғып кетті. Шындығында мына бейтаныс бала ақылмен сөйлеп тұр ма дедім ішімнен.
- Тұра тұр. Әлі мен де сен сияқты боламын. Аяғымды операция жасатып дұрыстайды. Сол кезде жазушының баласы екеніңді мойындайсың ғой, – деді Тұяқ мені мақүлдатып.
- Иә, – деймін. Көзім тас төбеме шығып кеткен шығар.
- Жүр, далаға шығайық. Мен саған машина айда- уды үйретемін, – деді беті жыбырлаған Тұяқ.
- Ол кімнің машинасы? – деймін Түяққа.
- Бекзат ағанікі. Соны да білмейсің бе? Осында мені алып келген айқыш-ұйқыш қызыл машина ше? Жоламаймын десеңде Бекзат аға үйретеді, – деді ол.
–Дұрыс-ақ, – дедім Тұяқтың арқасынан қағып.
–Сен Бекзат ағаңа қазір барып машинасын үйрене бер. Біраздан соң мен де жетермін.
- Рас па?
- Оллаһи, шыным, – дедім.
- Алақай, алақай! Шыңғыс менімен ойнайтын болды, – деді ол. Тұяқ екі қолын шапалақтап, дау- ыстап еді, дәліздің іші әп-сәтте дүрлігіп сала берді. Сөйткенше анандай беттегі жетінші палатадан бойжет- кен қыз жүгіріп шығып, екпіндей басып Тұяққа жетті.
- Бауырым-ау, енді көрсетпегенің осы ма еді?
- деп еңкілдеп жылап жіберді. Тұяқ аң-таң боп, сәл тұрды да, қолды бір сілтеп, дәліздің бойымен сыртқа беттеді. Бұл екі ортада ақ халатты қос дәрігер шыға келмесе не болатыны белгісіз еді. Тұяққа да жан керек екен. Жанұшыра жүгіріп жетінші палатаға қойып кетті.
- Ағатайлар-ай. Өкіл салмашы. Мен бұзық болмаймын, – деп шырқыраған үні жан дүниемді сырқыратып кетті.
- Қор болған бала-ай, – деді бар оқиғаға куә атанған ақ басты әйел.
- Не жазды екен, тәңірге.
Тамыздың жиырма тоғызы. Ауылдан келген ағайындар. Жарық күннің жақсысы-ай...
- Төртінші палата. Сіздерге біреулер келді, – деді есікті ашып-жапқан ақ халатты әлдекім. Әкем ұйқылы-ояу жатқан. Кереуеттен кеудесін бір көтеріп, қайтадан сылқ етіп қисая кетті.
- Құлыным, кім екенін біліп келші, – деді күңк етіп. Зыр жүгіріп сыртқа шықтым. Есіктің көзінде бір топ адам түр. Қанатжан ағам, Мәкен шешем, жезделерім Мэлс, Ахметбек, әпкелерім Жанат, Жарылқасын, Ал- тын, Бинүр, қарындастарым Сәуле, Шынар, Назгүл.
- Қарағым-ай. Әкесіне сеп болғаныңнан сенің, – деді Алтын әпкем көз жасын іркіп, бетімнен сүйіп.
- Бөкемнің халі қалай? Өзі жүріп, сыртқа шыға ала ма?
Басымды изеймін. Жағалай қол беріп амандасып шыққанша Алтын әпкем тақымдап қояр емес.
- Жаным-ау, бір жөніңді айтпаушы ма едің. Сұрақты жауапсыз қалдырып, кілт бұрылып, дәлізге кіріп, әкеме жеттім.
- Әке, ағайын-туысқанның бәрі келіпті. Алматы- сы да, Қоғалысы да бар, – дедім. Әкем теріс айналып, күңгірлей жөнелді.
- Туһ, бәрі естіп қойған екен ғой. Несіне әуреленді екен. Жұмысын тастап, жол жүріп шаршап...
- Әке, әке. Ауырмайтын адамдай кеудеңізді
көтеріп, ширақ басып дегендей. О, шіркіндер де бір қуанып қалсын, – деймін.
- Құдай жөні, – деді әкем.
Ол терезе көзіндегі дөңгелек айнаның алдына кеп аз-кем аялдады. Сақалы өсіп, құлағы қалқиып, бет сүйегі шодырайып, қысық көздері шыңырау түбінен көрінген судай жылт-жылт етеді.
- Пәтір-ау, таң асырып бәйгеге жаратқан тұлпардай. Пай-пай дүние. Не боп кеткенсің, – деді ол дауыстай сөйлеп үнінен танданыс пен күйініштің аңысы сезілді.
- Көңіл сұрап келген адамдарға не дейміз? – деді әкем сонан соң. Өз түрінен өзі шошынып тұрғаны анық.
- Кетеуің кетіп қалыпты-ау. Мұнысы қалай? – деді ол сыбырлай өз-өзіне сұрақ қойып.
- Ел мына менің түрімнен қорқып жүрер?
Есік көзінде менің күтіп түрғанымды ол енді ғана байқады ма, кебісін сылпылдатып көмек күткен жан- дай жаныма жақындап келді.
- Әй, бала сен мені жаманда, – деді әкем сұқ саусағын шошайтып.
- Тамақ ішпейді. Дәріге де зауқы жоқ де. Ұрысты мен-ақ естиін. Әкемнің бетіне таңдана қарадым. Әлсіз жанарынан "елді ренжітпейік. Олар да қабағын түйіп, күңіренбесін" деген сыңай танылды.
- Уәде ғой, – деді ол қолын ұсынып.
- Уәде, – дедім мен.
- Тарттық, алға, – деді әкем күлімсіреп. Әкелі- балалы екеуміз кең дәлізді аралай сыртқа беттегенде, ол күрсініп қалды.
–Жарық дүниенің жақсысы-ай...
Дәліздің түкпірінде тұрған елдің ары-бері
қозғалғаны байқалды. Әкем көңіл сұрап келген жекжат-жұратты жан азабын сездіргісі келмей (уәде бойынша) анандайдан ақжарқын дауыспен:
–Ау, ауыл боп көшіп келгенсіңдер ме, түге.
Халдарың қалай? – деп сәлемдесті.
Сәуле де, Шынар да, Назгүл де алғашқыда бос белбеу танытып үнсіз тұрған. Әкесінің дауысын ести сала, жүгіріп кеп, таласа-тармаса құшағына қойып кетті. Жанарлары жасқа шыланып, сабыр қылған топ, осы бір көрініске жүректері езіле қарап қалыпты.
- Құлындарым, менің. Сағындым ғой, сендерді,
- дейді әкем қыздарының кезек-кезек бетінен сүйіп, шаштарынан сипап.
- Ау, балалар, болды енді. Әкелеріңді босатың- даршы. Үп-үлкен Сәуленікі не. Өзі ауырып жүр- генде. Бізге де әкелерің керек емес пе? – деп дуласқан әйелдердің дауы естілді. Ыққан балалар жоқ. Әкелерінің құшағынан шыққысы келмейді.
–Амансыздар ма? – деді бір сәт есін жиған әкем.
–Есен-саумыз, бәріміз. Бізді құдай ала ма? – деді Бәтен әжем көзін жасқа шылап.
- Көке, қалайсың?
- Дәрігерлер не дейді?
- Ac ішуің қалай?
Жан-жақтан жаңбырша жауған сұраққа, әкем бәрінің қолдарын ала жүріп ретімен жауап берді.
- Жүр, сыртқа шығайық, – деді ол, аурухананың қатаң тәртібіне үйреніп қалғанын байқатып.
- Дәрігерлерің ұрсып жүрмей ме? – деді бәйек болған бірі.
- Олар да адам ғой. Біздің жайды да түсінер, – деді әкем.
Аурухананың қақпасынан шығып, ашық далаға қарай жүгіре жөнелдім. "Ех... ех-ей, ғажап әлем! Сенің шарапатың осынша мол ма еді. Қаншама тіршілік, құшағыңа еніп, бойы жазылып сала береді. Әттең, анау көрінген көк шалғыныңа барып аунап алсам ғой. Мына дала құдды жас баладай керіле ме, өзі? Анау көк, қызыл шеңбер көмкерген табақша күн нұрын дәл осы бір тұсқа төге салғандай. Қараңғы да, қапас жерде жатып (әкемше
- түрме) сыртқы дүниеден бейхабар тіршілік кешіппіз ғой. Міне, таудың самалы көше-көшені аралап кетті. Пах, боз жусанның ашқылтым иісі-ай. Танауды қытықтайды. Мына ғажап әлем мөлдірлік пен тазалықтың қазынасы шығар. Кәрі күн сәбидей күле ме? Анау көкжиекке көз та- сташы. Бұлттар құдды аққудың қанаты сияқты. Шіркін, мына даланы кезіп жүре берсем-ау. Әттең, әкемнің дерті мені де, мынау емханаға әкеп байлап тастады-ау...
Ары-бері сенделіп қайтып келсем, әкем бастаған топ орнынан қозғалмапты.
–Әй, Шыңғыс. Мына ел мені жазғырып жатыр,
- деді ол анадайдан араша сұрап.
–Е, неге? – дедім. Мәкен шешем кәдімгі тергеушідей-ақ:
- Әкеңе қарамайсың, білем. Әбден жүдеп, қу сүйегі қалыпты, – деді зілденіп.
- Айтудай-ақ айтамын. Тамақ ішпейді. Аузына дәрі алмайды, дедім, "уәдеден" шығып.
- Тумысымда емхана көрмеппін. Ине шаншытпап- пын. Аузыма дәрі алмаған соң не сорым. Ептеп үйреніп келемін, – деді әкем жан-жағына мұңая қарап.
- Сонау жақтан әуре боп келе бермеңдер. Қазір күздің қарбалас шағы.
- Иә, Бөкем дұрыс айтады. Таң атқан соң, тауық боп шақырмасаң іс бітпейді, – деді Бәтен әжем.
- Ал енді аман жүр, күнім. Бүкіл ел сенің тілеуіңді тілеп отыр. Тезірек бала-шағаңа оралғайсың.
Әкем үнсіз ғана қол бұлғады. Өзіне салса мы- нау қапас дүниені тастап, бір үйдің асын ішіп, тірлігін еншілегендермен бірге еріп кеткісі бар. Әттең, дүние- ай. Жүрегі дұрс-дұрс соғатын сияқты.
–Әй, Қанатжан, – деді әкем інісіне дауыстап. – Тұра қашқандай, түге. Әкемнің үні қатқыл шықты. Қанатжан аға жүгіре басып бізге жетті. Ұзап бара жатқан топ аңтарыла артына қараған.
–Тірліктерің қалай? Мал ше? – деді әкем.
–Бәрі дүрыс. Жылқышы Далдабай кеше кешкісін Суыққа еңкейтті. Өткіз деп жатыр.
- Ақжалды саған тапсырдым, – деді әкем.
- Жүгенін шешіп, еркін қоя бердім. Қарасудың маңынан шықпайды,–деді Қанатжан аға.
- Өте дұрыс, – деді әкем қуанып.
- Ал құлағыңды сал. Дәрігерлер маған қан керек дейді. Үшінші группа. Бала-шағаларға білдірмей, өзің ұйымдастыр. Шыңғыс өзім ғой...
- Құп болады, – деді Қанатжан аға. Әкем қайтарда тырс үндемеді. Бөлмеге келген бойда "ух" деп ауыр күрсініп, кереуетіне қисая кетті де күбірледі. "Ойпыра-ай, мына "түрмеден" қашан құтылармын. Бір минут жан саулыққа не жетсін. Жарық дүниенің жақсысы-ай..."
Қыркүйектің оны. Әкем мен Қали жездем
Әкемді орнынан түрғызбайтын болды. Дәрігерлер қан құяды. Әкемнің кеудесін көтеріп отырғанының өзі бір қуаныш екен ғой. Кейінгі күндері ол қатты жүдеді. Ақ шүберектей қуарған өңіне қарап, ішімнен езіліп кетемін. "Ой, дүние-ай, шынымен әкемнің дерті асқынып, ем- деуге шара қалмағаны ма? Сұмырай Далдабайдың сөзі рас боп жүрмесін. Анау көзіне көзілдірік киген батпан қараның келген сайын әкемді ары-бері қарап, біраз қарайлап, басын шайқап шығып кетуі қалай? Әжеме ұқсап "Жаратушы ием, әкемді қолтығынан де- меп, дертінен айықтыр" деп күнде қолымды жайып, әкеме көрсетпей тілек тілеймін. "Әттең, дүние-ай, Қали жездемнің Алматыдан алып келген қуатты дәрісі шипа болғай" деп тілеймін. Алтын әпкемнің күйеуі ғой. Кімді айтсаң сол келеді демекші, осы сәт есік ашылып Қали жездем кіріп келді.
- Бөке, ширақсың ба? – деді ол салған бойда жөн сұрап, қолын алып. Жауап орнына әкем басын изеді. Қысық көздеріңдегі мұң қоюланып, ерні сәл-пәл дір етті.
- Бәрің амансыңдар ма? – деді сонан соң сыбыр- лай үн қатып.
- Шүкір. Жиендерің сәлем айтып жатыр, – деді Қали.
- О, танауларынан айналайын. Мені көрсе таны- май қалып жүрер, – деді әкем.
- Е, неге, нағашыларын ұмытып не болыпты, – деді күлімсіреген Қали жездем.
–Әй, қара шотпақ, сен сыртқа шығып, бойыңды жазып қайт.
Бас тартуға дәрмен жоқ. Оның үстіне әкем қабағын
түйді. Шыға беріп, есік көзіне тоқтадым. Қали әкемді тұрғызып, орнын жөндестіріп, жаңа халат кигізді. Со- нан соң білегінен ұстап, біршама үнсіз қалды.
- Оу, Қали. Мыналар не дейді? –деді әкем, сәл үнсіздіктен соң.
- Әзірге күшті дәріні қолданып жатыр. Әл беріп, қан толтырады, – деді Қали.
- Тағы да талай күн мына тозақта түнейтін шы- ғармын,–деп күйінді әкем.
- Бөке, шыдайсыз ғой. Дүниеде дертті меңдетіп алған жаман. Батпандап кірген ауру, мысқалдап шығады. Өзіңізді өзіңіз қыстап тамақ ішіңіз. Ыстық сорпаның көмегі зор. Дәрі оңай жау емес, – деді жездем.
- Жоқтан өзгені ойлап таусыла бермеңіз.
Жүдегеніңізде сол ойдың кесірі. Әл жинау керек.
- Әй, Қали-ай. Өзіңді өзің жамаңдыққа қию оңай дейсің бе? Жазмыштан асып қайда барасың? Міне, қырықтан асыппын. Әкем де осы жасыңда көз жұмған. Артымда улап-шулап бала-шағам қалады-ау дегенде, тұла бойым түршігеді,–деді әкем.
- Бөке, шаршап қалдыңыз.Әңгіме осымен бітсін,
- деді Қали сөзді бөліп.
- Мен дәрігерлермен сөйлесейін.
Қали есікке беттеп еді, әкем шала бүліңді.
- Мына тірі аруақпен сөйлесуді ар көрдің бе, түге.
Жездем екі-үш аттап кереуетке жетті.
- Сен, сөз тында. Жер басып тірі жүргендегі түйсігім алдамаса, мен мына аурудан ұзамаймын. Онаңда ауылға қайтып, бірер уақыт бала-шағаның жа- нында болайын. Жөніңді айт, – деді әкем.
- Бөке, бала болып кеткенсіз бе? Неден шошындыңыз,– деді Қали. Үні батымсыз шықты.
- Бабам аян беріп кетгі. Дұрыстап жөнелтіңдер.
Әкемнің жанына қойыңдар.
- Түу, жазған-ай. Сіз мына түріңізбен жазыл- майсыз. Қайдағыны-жайдағыны айтып,– деді Қали ашуланып.
- Әй, сен ренжіме мыналарға бас-көз бол дегенім ғой.
- Жаман айтпай жақсы жоқ. Ана Алтынды ренжітпе,– деді әкем ыңқылдай сөйлеп.
- Тух, осыншама сұңғыла ма едіңіз. Бәрі орны- на келеді. Тек ештеңе ойламаңызшы. Ал, мен кеттім. Дәрігерлер тарап кетеді. Сөйлесіп қалайын,– деді Қали жездем. Әкем тырс үндемеді. Есіктен кірген бойда;– Әке, әке. Сен жазылып кетесің. Жаңа Қали жездем айтты ғой,– деймін жүзіндегі терін сүртіп.
- Балам, бәрін тыңдап түрыпсың ғой,– деді әкем кері аунап түсіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter