Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.02.2022
766
СЫНЫПТАСТАР ТОЙЫ
Жетпіс жылды артқа тастап өрендер.
Ақ сақалды қария болдың міне кемеңгер.
Өтіп кеткен жетпіс жылды еске алып,
Не бітірдік, Не тындырдық демеңдер:
Баз біреуің жары болдың «геройдың»
Кейбіреуің кемеңгері көп ойдың.
Жетпіс жылда еткен еңбек аз емес,
Соның бірі – себепкері бұл тойдың.
Міне бүгін ата болдың саналы.
Уақыт ұры – өмір өтіп барады.
Асқаралы ата болдың ұрпаққа,
Батагөйі болсаң тіпті жарадың.
Нұрланды міне бүгін таңың атып,
Сәуле берді жаныңа жаңа бағыт.
Жақсылықтан жаратқан айырмасын.
Осылай серпілейік думандатып.
25 мамыр 2008 жып. Кубышев орта мектөбі
«Сайрам тойханасы»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter