Өлеңдер ✍️

  07.02.2022
  169


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

АУЫРЫП ЖАНЫМ ЖАТҚАНДА

Мұз басып қантамырдың бұлақтарын,
Ауырып шыдатпайды жалғыз жаным.
Дірілдеп буын ісіп, жүрек тулап,
Ұйқысыз атырамын күздің таңын
Айтуы дәрігердің суық тиген
Арылар күн барма екен мұндай күйден.
Ыстық пенен суықты елемейтін,
Не жетсін денсаулыққа жаз боп жүрген.
 Жас кезде мән бермеппін шауып жүріп,
Суықтан күтінбеппін өзім біліп,
Қат қылды қалтарысқа ауыру салып,
Лажсыз жатқан мынау көзді сүзіп
Күн сайын тәнге тиіп неше ине
Шымырлап зәр көреді қолқа жүйе
Ауыру ауыр екен бастан өтті
Қасың да кезікпесін мұндай күйге
Жүрегім алып ұшады бала үшін
Жетуге жүректі алып кәне күшім
Зәр төгу, тұрып бару қиын боп тұр
Сүйекті тері жауып кетті мүсін.
Жанымның таңданамын берігіне
Азапқа тіл жетпейді керегі не
Әйтеуір тәуір болып мен келемін
Қазақ айтады – Аурудың бәрі өле ме?
1976 ж. 10 декабрьден
1 февраль аралығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу