Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
06.02.2022
127
![](/uploads/shorttexts/author_image/face9686a126c31e936870d7c956b970-250x300.jpg)
ТУҒАН ЖЕР
Туған жер топырағыңнан айналайын
Сенде жүрсем жоқ менде қайғы уайым.
Мекенім таулы алқап мені тартып
Ойлайтыным әр қашан сенің жайың.
Қараймын құштарлана асқарыңа
Қауышып қойнына енген аспаныңа
Тербетіп көкіректі жылы сезім.
Жадыратып нұр берді жас жаныма.
4.06.1975 ж Бөкентөбе
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇